Түркістандық балуандар Бакуде топ жарды
Әзербайжанның астанасы Баку қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Түркістан облысының спортшылары ел мерейін үстем етті. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен өңір балуандары қоржынға алтын мен қола медаль салды.
Еркін күрестен 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Бақдәулет Ағабек қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ол турнир барысында бес кездесу өткізіп, барлығында басым түсті. Іріктеу кезеңінде тәжікстандық Муслихиддин Ходжиев пен болгариялық Эмир Джеватовты 10:0 есебімен тізе бүктірсе, ширек финалда моңғолиялық Тэмүүлэн Усухбаярды небәрі 36 секунд ішінде айқын басымдықпен ұтты. Ал, жартылай финалда Азия чемпионы, өзбекстандық Фаррух Махмудовты 7:3 есебімен қапы қалдырды. Финалдық белдесуде үндістандық Аарьян Аарьянды 10:0 есебімен ойсырата жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ 71 келі салмақта сынға түскен Әділет Рысбай тұғырдың үшінші сатысына көтеріліп, қола жүлдегер атанды. Ол жарыс жолында әзербайжандық Тунар Гулиев пен молдовалық Павел Мавродиді қапы қалдырып, жұбаныш белдесуінде америкалық Кэмрин Ховардты 11:2 есебімен айқын жеңді. Ал, қола жүлде үшін өткен шешуші тартыста түркіменстандық Мекан Худайбереновтен 6:4 есебімен басым түсті.
«Оңтүстік» ақпарат.