Жылыту маусымына даярлық басталды

Өңірімізде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен білім беру ұйымдарын жылыту маусымына дайындау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, олар бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Айта кетейік, 1310 білім беру нысанын гидравиликалық сығымдаудан өткізуге қаржы қаралған.

Қатты отынмен жылытылатын 352 мектепке қажетті 73 101,5 мың тонна көмір сатып алу бойынша мердігерлер анықталып, келісімшарт түзілген. Келісімшартқа сәйкес қатты отындар 1 қыркүйекке дейін тасымалданады.

Мектептерге қажетті 3 667,4 тонна сұйық отын білім беру нысандарының сұйық отын сақтайтын қоймаларының сыйымдылығына қарай жеткізіліп отырады.

Табиғи газбен 860 мекеме жылытылады. Осы мектептер жылу маусымы басталғанда автоматты түрде жылуға қосылады. Сонымен бірге қауіпсіз әрі тиімді жылу жүйесін қалыптастыру мақсатында 110 білім беру нысанын (82 мектеп, 26 балабақша, 2 мектептен тыс мекеме) табиғи газға ауыстыру мәселесі қарастырылуда.

Облыстың білім мекемелерінің жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына дайындығы тұрақты бақылауда әрі бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз