Ақындар ақтарылды ағыл-тегіл
Созақ ауданындағы «Жұмбақ тау» демалыс аймағында «Ай сәулесіндегі өлең…» атты поэзиялық кеш өтті. Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара «Түнгі кітапхана» жобасы аясында жүзеге асты.
Рухани-мәдени кеш Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы «Тұран – достық бастауы» халықаралық мәдени-рухани ынтымақтастық кездесуі аясында өтіп, іс-шара қос елдің ақын-жазушылары мен әдебиет сүйер қауымын біріктірді.
Кештің негізгі қонағы, белгілі ақын Қуаныш Оспан оқырмандармен шығармашылық жүздесу өткізіп, туған жер, ұлттық рух, адамгершілік қасиеттер мен өмір құндылықтарын арқау еткен өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстаннан келген ақындар да өз өлеңдерін оқып, әдебиет пен поэзияның бүгінгі жайы туралы ой бөлісті.
Іс-шара барысында облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы сөз сөйлеп, әдеби кездесудің маңызына тоқталды. Сонымен қатар облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Шынарбайұлының атынан Қуаныш Оспанға Алғыс хат табысталды.
Табиғат аясында өткен жыр кешінде әдеби сұхбат, өлең оқу және музыкалық бағдарлама ұсынылып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады. Бұл басқосу бауырлас елдердің мәдени байланысын нығайтып, жастардың кітап пен әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.