Сапалы мемлекеттік қызмет халық сенімін күшейтеді

Мемлекеттік қызметтерді көрсету – бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі. Бұл – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы бағытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің заңнамаға сай, сапалы әрі қолжетімді болуын тұрақты бақылауда ұстап келеді.
Бүгінгі таңда елімізде 1323 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның 400-ге жуығы облыстық деңгейде жүзеге асырылады. 
2026 жылдың I жартыжылдығында облыс бойынша барлығы 13 млн.-нан аса мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 98%-ы электронды форматта ұсынылған. Бұл өз кезегінде өңірде цифрландыру деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Сондай-ақ, департамент мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының сақталуына қатысты 139 бақылау іс-шарасын өткізді.
Оның ішінде профилактикалық бақылаулар, арыздар бойынша жоспардан тыс тексерулер және уәкілетті орган тапсырмалары бар. 
Ең жиі анықталған заң бұзушылықтар қызмет көрсету тәртібін сақтамау, жұмыс мерзімі тәртібін бұзу бойынша орын алған.
Заң бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары, жеке тұлғаларды тіркеу және ауыл шаруашылығы салаларында тіркелген.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша биылғы 6 айда барлығы 
440 өтініш түскен.
Осы ретте департаменттің шара көруі нәтижесінде 850 азаматтың құқығы қалпына келтірілді (жоспарлы тексеру – 529, жоспардан тыс тексеру – 20, сыртқы байқау – 257, сұрау салу – 44), атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында – 477, білім беру саласында – 258, жер қатынастары саласында – 63, сәулет-қала құрылысы саласында 52 азаматтың құқығы қалпына келтірілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында тұрақты түрде түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді. 
Атап айтқанда:
– өңірлік «Turkistan TV» арнасында «Елге қызмет» арнайы бағдарламасының 4 шығарылымы эфирге шықты;
– мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 87 семинар, 9 тікелей эфир, 6 интернет-конференция және 73 жәрмеңке өткізілді;
– 15 қоғамдық кеңес отырысы және 28 қоғамдық бақылау ұйымдастырылды;
– мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін талдау нәтижесі бойынша 22 бастамашылық ұсыныс әзірленді.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері мен пікірлеріне жедел әрекет ету мақсатында «EgovKZBot 2.0» Telegram-боты арқылы 32 өтінішке түсіндірме берілді.
Аталған жұмыстар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, заңбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Айта кету қажет, департамент мамандары алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтерді жетілдіру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Ержан ҚАРЫМСАҚОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша 
департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.
Пікір қалдырыңыз