Қалдықтың өзін кәдеге асыратын кәсіпорын

– Әке, Шымкентке күнде қатынап жүрсіз ғой. Қазір картон, қағаз қалдықтарын қабылдайтын орындар бар ма өзі?!
– Қайдам, бұрын ескі-құсқы заттар қабылдайтын «Вторчермет» деген мекеме болушы еді. Іздестіріп көрейін, – дедім ұлымның сұрағын жауапсыз қалдырғым келмей.
–  Макулатура жинайтын үрдістің ұмыт болғаны қашан? – Әйелім де оны қостап қойды. – Мына әкеңнің де ескі газет тігінділері қорада әжептеуір орын алып тұр. Соны да өткізсек жарар еді. Оларды кәдеге асыратын адамдар табылса, қанеки...
 «Ізденген жетер мұратқа» деген. Іздей-іздей мұндай мекеменің Төлеби ауданындағы Сұлтанрабат елді мекенінде бар екенін білдім. «AiK.kz» деп аталатын кәсіпорынды «Сайрам» тұрғын үй алабында тұратын Аброр Ханходжаев деген кәсіпкер жігіт ашыпты. Жақында сол цехқа жолымыз түсті. Сағатына 2 мың дана жұмыртқа науасын (лотогын) шығаратын нысанның пайдалануға берілгеніне алтыншы айға жуықтапты. Жобаның жалпы құны 250 миллион теңгені құрайды екен. Мекеме 20 адамға жұмыс тауып бере алады.
– Қазір бір ауысымда 6 адам жұмыс істеп жатыр. Жұмысшылардың орташа жалақысы 200-250 мың теңге аралығында, – дейді Аброр Ханходжаев. – Цех толық қуатына қосылғанда 2 ауысымда жұмыс істейміз деп жоспарлап отырмыз. Сонда тәулігіне 70 мың дана лоток шығаруға болады. Қазір бір ауысымда 31 мың дана лоток дайындалады. 
Біз әзірге 4 фабрикамен – «Аймақ құс», «Шымкент құс», «Тассай құс», «Шұбар құс» ЖШС-лерімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Келешекте Қырғызстан Республикасымен келісімшартқа отырамыз. Сөйтіп, тауарымызды экспортқа шығармақпыз. Әкімшілік тарапынан құжаттар ресімделетін болса, осылайша жақын шетелдермен де жұмыс істейміз. 
– Жобаны іске асыру үшін банктен несие алдыңыз ба? Жұмысты неден бастадыңыз?
– Инвестор таптым. Ағаларым идеяны қолдаған соң, тәуекел деп жобаны іске асырдық. Бұл – ауданда ашылған алғашқы әрі бірегей кәсіпорын. Шикізатты Тараз және Ақтөбе қалаларынан аламыз. Жергілікті тұрғындардан макулатура қабылдаймыз. Аудан және қала әкімдерінің орынбасарларына осындай мазмұнда ұсыныс хат тастадық. Яғни мектептерден жарамсыз архив қағаздарын, кітапханалардан есептен шығарылған дәптерлер мен кітаптарды сатып аламыз. Бізге осы жағынан қолдау көрсетілсе, шикізат мәселесі біршама шешілер еді. Халықтан қағаз қалдықтарын сатып алу бағасы бөлек. Қолма-қол есеп айырысу және қосымша құн салығымен төлем жасау тәсілінде айырмашылық бар. Демек, тұрақты бір баға жоқ. Тауарларымызды, жоғарыда айтқандай, 4 фабрикаға өткіземіз. Одан бөлек, өткен айда Орал қаласына да бір топтамасын жібердік. Талдықорған және Қарағанды қалаларынан да сұраныс түсуде. Егер логистика мәселесі оңды шешілетін болса, оларды да жұмыртқа қорапшасымен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар. 
Өндіріс жетекшісі бізді жұмыс барысымен де таныстырды. Алдымен макулатура таразыға тартылып, лентаға салынады. Лента оны ұсақтағыш агрегатқа (дробилкаға) тастайды. Мұнда олар сумен араластырылады. Содан кейін ол элеваторға түседі. Элеватор қоспаны темір, тас, басқа да қоқыстардан тазартады. Сосын қағаздар арнайы су қауызына (бассейн) түседі. Онда 2 су сорғы қондырғымен қоймалжың қоспа барабанға айдалады. Үлкен барабанда 250 градуста қайнатылып, қалыптау бөлімінен өткен соң кептіру камерасына жөнелтіледі.
Келіп жатқан макулатураның сапасы тауардың өзіндік құнына әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан лотоктың бекітіліп қойған бағасы жоқ. Әр данасы орта есеппен 18-19 теңгеден түсуде. Ең бастысы, тауарға сұраныс бар. Ал, кәсіпорын халықтан кітап, газет-журнал, дәптер, қорап, картон және тағы басқа қағаз қалдықтарын қабылдауда. 
Қысқасы, аудандағы бірегей кәсіпорын қалдықты кәдеге асырып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. 

С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.

2 пікір

  • Daisy Darren
    Daisy Darren

    Recently, I was contacted by a broker who convinced me to invest into Crypto all day. I started by making an initial investment of 126,000 USD and surprisingly I asked for 35,000 USD more in order to access my account so I can be able to make any withdrawal. Their demand made me loose it that I had to go on online searching for assistances since I wasn't going to lose my money to this an unregulated trading platform, I came across lots of positive reviews about jbeespyhack. After what I went through, I realized that Transparency is essential in both business and human interactions. I emailed him directly at jbeespyhack@gmail.com, and he responded, asking for more information, which I also submitted. All I needed to do was provide him the information he needed and pay the bills for the tools that were used on the job and he took care of the rest. jbeespyhack performs his work in a discreet and competent manner. From his heart, he wants to provide the greatest possible customer service. I will always be appreciative of him because he helped me quickly retrieve all of the money I had lost.jbeespyhack@gmail.com

  • WIZARD GEO COORDINATES RECOVERY HACKER
    WIZARD GEO COORDINATES RECOVERY HACKER

    HIRE GEO COORDINATES RECOVERY HACKER // A CERTIFIED ETHEREUM / USDT & BITCOIN RECOVERY HACKER I wish to share this information with the public. It’s advisable not to trade with an individual or a bitcoin investment platform if you are not sure about their reputation. Recently, I fell victim to a sophisticated bitcoin scam, resulting in the loss of $930,000. The scammers had cleverly manipulated me into sending the funds to their wallet address, leaving me feeling devastated and hopeless until I met a testimony of Vivian Edwin online talking about GEO COORDINATES RECOVERY HACKER who helped and recovered her funds back. I decided to give it a try and contacted them on Email: geovcoordinateshacker@gmail.com WhatsApp +1 ( 579 ) 397 1584 Telegram @Geocoordinateshacker Website; https://geovcoordinateshac.wixsite.com/geo-coordinates-hack Through their efforts, I was able to recover my entire loss of $930,000, which was a significant relief and a huge weight off my shoulders. I am extremely grateful and I highly recommend their services to anyone who has fallen prey to similar scams. Their expertise in handling cryptocurrency fraud cases is unmatched, and they can help you track down and recover your lost funds. Don't let scammers take advantage of you. Reach out to a professional recovery service and start the process of getting your money back.

Пікір қалдырыңыз