«Зайырлы мемлекет пен қоғам»

Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде дін саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге, кәсіби құзыреттілігін нығайтуға және қоғамдағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге арналған «Зайырлы мемлекет пен қоғам» деген тақырыппен семинар-тренинг өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, теологтар, дінтанушылар, құқық саласының мамандары және ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысты.

Семинар-тренингке облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Абуов модераторлық етті. Ол кіріспе сөзінде зайырлылық қағидаттарын қоғамға кеңінен түсіндірудің, халықтың діни және құқықтық сауатын көтерудің, сондай-ақ дін саласы мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.
Жиында философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Кеңшілік Тышқан «Зайырлы мемлекет пен діни қағидаттар қатынасы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында зайырлылық ұғымының тарихи қалыптасуы, оның қазіргі қоғамдағы орны, мемлекет пен дін арасындағы қатынастардың құқықтық негіздері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар зайырлы мемлекеттің басты қағидаттары мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі түсіндірілді.
Заңгер Құнанбай Мұсаев «Жаңа Конституциядағы адам құқықтарының салт-дәстүрімізбен тарихи байланысы» тақырыбында баяндама жасап, адам құқықтары мен бостандықтарының ұлттық құндылықтармен, салт-дәстүрлермен және тарихи тәжірибемен сабақтастығына тоқталды. Сондай-ақ, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті.
Теолог Болат Шоманов «Зайырлы қоғамдағы діни радикалданудың кейбір себептері» тақырыбында баяндама жасап, діни радикалдануға әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және ақпараттық факторларды саралап, діни радикалды идеологиялардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар жастардың діни сауаттылығын көтеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және интернет кеңістігіндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.
Семинар-тренинг барысында қатысушылар өңірдегі діни ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды, өзара пікір алмасты. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру, жастармен тиімді байланыс орнату және деструктивті діни идеологиялардың алдын алу бағытындағы ұсыныстар қарастырылды. Қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

1 пікір

  • Donald Scott
    Donald Scott

    Herbal Dr Kham Herbal Remedies Products is the best to Eradicate Herpes Virus 1&2, Herbal medication is the quick relief that works for two weeks to reduce outbreak and cure you completely from HSV1&2, Do you need herbal products to cure your Herpes Disease contact Dr. Kham to help and he will surely help you to cure your Herpes Virus in two weeks time. The claim by some medical doctors that says Herpes disease has no cure is not true. God has gave us this great opportunity to get herpes virus out from our body system with the help of Doc. Kham herbal Remedies he is 100% guaranteed of the cure,  I have suffered from Herpes Virus for 4 years that almost took my life, but one day I was searching for the possible cure on the internet, so luckily I found so many Reviews about Dr. Kham on how he helps people in curing their deadly diseases, and I contacted Dr. Kham asked him for solutions and he started the remedies for my health. He prepared a powerful Herbal medicine for me and I received herbal medicine and after using it for 2 weeks my condition has greatly improved, All my symptoms/outbreak has stopped, So I went to my doc and was confirmed negative. I am Herpes Virus free! contact this Herbal Dr Kham via his email dr.khamcaregiver@gmail.com or WhatsApp: +2348159922297 for more info.

Пікір қалдырыңыз