ЖАСТАР НЕГЕ ЖҰМЫССЫЗ? Жалақы жете ме?
Қазір елімізде
жұмыс таба алмай жүрген жастар
көп. Ресми деректерге қарасақ, биыл жұмыссыздық деңгейі
4,6%-ға өскен. Бірақ бұл
тек ресми мекемелерге барып тіркелген
жастардың саны. Ал уақытша,
күндік жұмыс істеп жүргендер бұл тізімге кірмейді.
Қазіргі еңбек
нарығында IT, қызмет
көрсету жəне техникалық мамандықтар ерекше сұранысқа ие. Бірақ жоғары оқу орындарын
бітірген түлектердің басым бөлігінің мамандығы нарық талабына сай емес. Оның
үстіне жұмыс берушілердің көбі «тəжірибесі бар маман» іздейді.
Ал тəжірибенің жоқтығы
– жаңа түлектер үшін басты
кедергі.Ауылдан қалаға келген
жастардың жағдайы тіпті қиын.
Баспана, тұрақты қолдау
болмағандықтан, олар көбіне даяшы, жеткізуші немесе көлік жуу
орындарында бейресми жұмыс істеуге мəжбүр. Мұндай жұмыс түрлері ресми есепте
көрсетілмейді. 2025 жылдан бастап елдегі орташа жалақы – 300 мың теңге, ал ең
төменгі жалақы – 85 мың теңге болып
бекітілді. Бірақ бұл тек қағаз
жүзіндегі көрсеткіш. Азық- түлік, пəтер ақысы, жолақысы
мен коммуналдық шығындарды есепке алғанда, 85 мың теңге бір адамның да толық айлық қажеттілігіне жетпейді. Мысалы, отбасындағы екі адам ең
төменгі жалақы алса, жалпы табыс – 170 мың теңге. Бұл қаражат
тек ең негізгі қажеттіліктерге ғана жетеді. Киім, дəрі- дəрмек, жолақы,
балабақша төлемі секілді
қосымша шығындарды жабу мүмкін емес.
Еңбек мобильділігі орталығының
дерегінше, Түркістан облысында биыл 125 мыңнан аса адам жұмысқа орналасқан: 79
мың адам – тұрақты жұмысқа, 45 мың адам – уақытша жұмысқа орналасқан. Түркістан
қаласының жоспары 110% орындалған. Жоспар
бойынша – 11 096 адам,
ал жұмысқа орналасқандар – 12
284 адам. Дегенмен бірқатар бағдарламаларда көрсеткіш төмен. «Əлеуметтік жұмыс орындары»
бағдарламасы бойынша – 17% , «Күміс жас» жобасы – 30%, «Алғашқы жұмыс орны»
жобасы – 33,5 пайызға орындалса, «Жастар практикасы» бағдарламасы – 57% көрсеткішпен Бұл бағдарламаларға қызығушылық
аз. Себебі жалақы төмен, жұмыс уақыты қысқа.
Ал, облыс бойынша жағдайды талдайтын
болсақ, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «ҚР еңбек нарығын дамытудың 2024-2029
жылдарға арналған» тұжырымдамасы шеңберіндегі «Өңірлік карта» аясында
бекітілген жоспар бойынша 11 096
адамды жұмыспен қамту болса, биылғы жылдың он айлық қорытындысы бойынша орындалғаны 12 284 адам. Яғни, жоспар (110%)
орындалған. Әрі қарай, орталық
мәліметі былайша өрбиді:
-Тұрақты жұмыс жоспар 4678
адам,орындалған 4439( 94,8%);
-Қоғамдық жұмыс жоспар 1112 адам, орындалған 1301( 116,9%);
- «Күміс
жас» бойынша жоспар 253 адам, орындалғаны 76 (30,0%);
- Әлеуметтік жұмыс бойынша жоспар 287 адам, орындалғаны 49( 17,0%);
- «Жастар
практикасы» бойынша жоспар 1182
адам, орындалғаны 674 (57,0%);
- «Алғашқы жұмыс орны» бойынша жоспар 161 адам, орындалғаны
54( 33,5%)
-Ұрпақтар
келісімшарты жоспар 0
-Мүгедектік
квотасы жоспар 29 адам, орындалғаны 24 (
82,7%)
-Пробация
бойынша жоспар 8 адам, орындалғаны
8 (100 %)
-Бас бостандығынан айыру жоспар
1 адам, орындалғаны 1( 100 %)
-Тұл жетім
жоспар 1 адам, орындалғаны 1 адам (100 %)
-«10мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны»
жобасының жоспар – 2220 орындалғаны - 4290 адам (194,7 %) ;
-Қайтарымсыз мемлекеттік грант бойынша жоспар 129 адам болса, орындалғаны 129 адам (100 %);
-Өңірлік карта аясында жаңа жұмыс жобасы
бойыннша жоспар 335 адам, орындалғаны
339 адам (101,1%);
-Өтпелі
субсидияланған уақытша бос жұмыс орындары 899.
Жалпы, қорыта келгенде жұмыссыздыққа
тіркелген 14 834 адам болса, жұмыспен қамтылғандардың саны 12 284 адам (82,8 %)
көрсеткішті көрсетіп отыр.
Жастардың көбі ресми жұмысқа қарағанда курьерлік қызмет, қоғамдық тамақтану орындарындағы жұмыстарды таңдайды. Себебі, мұнда аз жалақыға байланып қалмайды, бірақ күнделікті ақша ала алады. Тəжірибе сұрамайды. Кестесі ыңғайлы, қосымша табыс табуға да болады. Бұл жастардың таңдауы емес, шынайы қазіргі жағдайдың нақты көрінісі.
Жастар
арасындағы жұмыссыздық – үлкен мəселе.
Ресми статистика жағымды көрсеткіш беріп тұрғанымен, шын
өмірде жастардың көпшілігі тұрақты, жалақысы жақсы жұмыс таба алмай жүр. Қымбатшылық өсіп, жалақы төмен болған соң жастар бейресми
жұмыстарға көбірек кетуде.
Дипломы бар, бірақ жұмыссыз жүрген жас мамандар
көбейіп барады. Қолынан іс келетін, жастар уақытша, бейресми жұмысқа кетіп
жатыр. Мемлекетке керегі – тек жаңа жұмыс орындарын ашып жоспарды орындау емес, жастарға сапалы, тұрақты, лайықты жалақы
беретін жұмыс ұсыну болса дейміз.
Ақжарқын
Мықтыбекқызы,
ХҚТУ-дің
Журналистика бөлімінің 4 курс студенті.