Қазақ тілінің өрісі – кең, келешегі – кемел

Соңғы жылдары қазақ тілі тек мектептептегі оқу тілі ғана емес, ғаламдық цифрлық медиадан спорт ареналарына дейін өз орнын тапты. Әлеуметтік желіде қазақ тілінде жасалған контент миллиондаған қаралым жинап, шетелдік аудиторияның назарын еліміздің тілі мен мәдениетіне аударып отыр.

Мысалы, қазақстандық видеограф  Дастан @Bydastann есімді желі қолданушы жігіт, еліміздің көркем жерлерін видеоға жиі  түсіріп, желіге сәтті жүктеп отырады. Ал оның әлеуметтік желідегі видеоларының  қаралымы 50-60 млн-ға дейін жетті. Ол осыншама  ауқымды аудитория жинады. Таңқаларлығы, Instagram-дағы  парақшасына жариялаған Дастанның бір видеосы 88 млн қаралым жинады. Платформадағы жалпы аудитория көлемі  696 млн адам. Бұл,  яғни қазақтың  үні әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп отыр деген сөз. Спортта да осыған  ұқсас жағдай болды.  “Қайрат” футбол клубы әлемдік ареналарға шықты, Реал Мадрид және басқа да халықаралық клубтармен ойнап, қазақ тілінде шетелдік телеарналарға сұхбат берді. Бұл тек спорттық жеңіс емес, қазақ тілі мен мәдениетінің әлемдік аудиторияға таралуының нақты көрініс еді.

    Димаш Құдайбергеннің әлемдік турлары барысында Алматыдағы концертіне 35 000, Будапешттегі концертіне 77 елден 40 мыңнан астам тыңдарман келген, барлығы қазақ тілінде ән айтты, сөйледі, тыңдады. Американы бағындырған Димаш, енді ағылшындарды да қазақ тілінде сөйлетпек. Сонымен қатар, әншінің Қазақстан астанасында 2024 жылы екі күн қатарынан өткен жеке концерттеріне әлемнің 80 елінен 10 мыңнан астам шетелдік көрермен келді. Бастапқыда бір концерт жоспарланғанымен, билеттердің тез сатылып кетуіне байланысты қосымша күн белгіленді. Бұл концерттерде алғаш рет Димаш пен түгел зал бірге Қазақстан Республикасының әнұранын орындап, шараға 200-ден астам кәсіби маман, сондай-ақ Қазақстан, Қытай, Ресей, Украина, Камерун, Гана, Уганда, Мексика, Испания және Кениядан келген 350-ден аса халықаралық деңгейде танымал  әртіс қатысты.

    Ұлттық тілдің әлемдік орнын жоғары көтерудің тағы бір жолы - жоғары білім жүйесі. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының (статгов) мәліметі бойынша, 2024-2025 оқу жылында Қазақстандағы жоғары оқу орындарында 31 500-ден астам шетелдік студент білім алуда. Олардың ішінен Азия елдерінен келгендер - 17 456, ТМД елдерінен -12 816 студент.

    Бұл қазақ тілін үйренуге және қазақ мәдениетін тануға ниетті халықаралық аудиторияның бар екеніне дәлел болса керек. Елімізде орта білім беретін мектептердің 4059-ы қазақ тілінде, 1149-ы орыс тілінде, 2655-і үш тілді мектеп. Соңғы 5 жылда орыс тіліндегі мектептер саны 1160-тан 970-ке дейін азайған.  

     Интернет және әлеуметтік желілер қазақ тілінің қолданылуын кеңінен таратып, көпшілікке көрінетін арнаға шығарды. Тиктоктың ресми мәліметі бойынша #kazakhstan  хэштегі 1.85 млрд қаралым жинаған.

    Қазақ тілі, базбіреулер айтқандай тек тұрмыстық , яки  қарым-қатынас құрутілі ғана емес, ұлттың мәдени брендін әлемге танытатын құрал. Әр видеоролик, әр ән, әр спорттық жетістік тілдің дамуына қосылған нақты үлес. Қазақ тілінің дамуы, цифрдан мәдени аренаға дейінгі тек цифрлық жетістіктер емес ұлттық сана мен  ана тіліңе деген жауапкершіліктің үйлесімінде  деп түйгім келеді өз ойымды.

 

                                               Зәбира Әбдуәлі,  ХҚТУ-дің журналистика бөлімінің 4 курс студенті.

Пікір қалдырыңыз