Сіз жатқа оқуға тиіс бір өлең...

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы


Ойлан, Еркек!


Ойлан, Еркек!

Әйел үшін – әлемдік барша жеңіліс те, жеңіс те!

Сиқырлы Ойларының бәрі – іште!

Артынан қарасаң, – Сайтан,

алдынан қарасаң, – Періште!


Бос әуре – адамтанудың әйел жайындағы 

барша болжамы.

Жайнаған көзінен-ақ – түйсігіңде 

тірі шам жанып!..

Оны өзіңе ғашық ете алмасаң, – Жезтырнақ!

Ғашық ете алсаң, – Жан Жарың! 


Әйел!

Күдігіңді де жандырып қояды білте етіп, 

құпия күлкісінің майына!

Ол неткен тылсым?

Қайдан дарыған бойына?!

Сені «Жұмақтан қудыртқан» – Сол еді.

Жұмаққа енгізетін де – Сол, қайыра!

Пікір қалдырыңыз