Наубайхана – несібе!
Ағылшын жазушысы Бернард Шоу «Қолынан іс келетін адам жасайды, іс келмейтін адам үйретеді» дейді. Рас, қолынан іс келетін адам үшін арман-мақсатын жүзеге асыруға ештеңе кедергі бола алмайды. Тек қарым-қабілет пен ынта-жігер ұштасса болғаны.
Бүгінде істің қиюын келтіріп, кәсібінен нәпақасын айырып жүрген жандарды көргенде іштей риза боласың. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, тынымсыз еңбек, үздіксіз талпынысының арқасында жеке кәсібін өркендетіп отыр. Талабы мен табандылығын бір арнаға тоғыстырған Ырыскүл Баратова кәсіпкерлік саласына тың идея әкелді. Оның декоративті нан өнімдерін шығарумен айналысып жатқанына небәрі жарты жыл ғана. Маусым айында ол «Ырысты нан» атты декоративті нан өнімдерін шығару жобасын сәтті қорғап, мемлекеттік қолдауға ие болды.
«Алғашында кәсібімді қалай бастаймын, қалай дамытамын және оның пайдасы қалай болады деп көп ойландым. Қазір кішігірім наубайханамыз жұмыс істеп тұр. Осы кәсіптің арқасында өзімнің тәжірибемді жетілдіре түстім. Тұтынушы үшін ең бастысы – нанның дәмі мен жоғары сапасы. Мұнда нанның 5-6 түрі пісіріледі. Тәтті тоқаштар, батон, пәтір нан, қара нан, көмеш нан, жаппа нан мен тоқаштардың бірнеше түрі әзірленеді. Тапсырыспен самса, тоқаш, бауырсақ пісіріледі. Бұлардың барлығын базар бағасынан төмен сатамыз. Сондықтан тұрақты тұтынушылар қатары көбеймесе, азайған емес. Сонымен бірге, той-жиындарға арнайы тапсырыс та аламыз» дейді кәсіпкер келіншек.
Бүгінде Ы.Баратованың наубайханасы күніне орта есеппен 150-200-ге тарта нан пісіріп сатады. Көбіне «Ырысты нан» наубайханасының тұтынушылары нанды той-томалаққа, жиындарға деп алады. Нан өнімдерін базардағы сатушыларға да жеткізіп беріп отырады. Мемлекеттік қолдаудың игілігін көрген Ырыскүл Баратова екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Сұраныстың ұлғаюына байланысты алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтады. Мақсаты орындалып жатса, ауылдастарын қосымша жұмыспен қамтымақ. Мемлекеттен қолдау болса, кәсібін кеңейтуге ынталы.
«Ел ішінде «Өңірдегі шағын кәсіпкерліктің дамуы нан мен астың арзандығынан білінеді» деген сөз бар. Ол рас. Нан – береке. Нан – байлық. Адалдық пен ерінбей еңбек етуді мақсат етіп, шағын кәсіптен-ақ көктеп, көгеріп отырмыз. Жаңа наубайхананың жұмысын бастау, әрине, оңай емес. Жеке кәсіп ашуда қайтарымсыз грант пен жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі – мемлекет жасап отырған жақсы қолдау деп білемін. Кім еңбекті жақсы көрсе, оған қашанда несібелі жұмыс табылады. Мемлекет бизнесті ашуда маған үлкен мүмкіндік берді. Бұл кәсіпті жүргізуіме отбасым қолдау көрсетуде. Бүгінде дайын өнімдерімізді базарға, тойханаларға өткіземіз. Одан бөлек, тұтынушылардың қалауына орай тапсырысқа да тәттілер қабылдап жатырмыз» дейді кәсіпкер.
Күнделікті тұтынатын тамақтардың қатарында нанның рөлі қашанда жоғары. Нансыз қазаққа ас батпайды. Сондықтан, оны кәсіп қылған кез келген адамның несібесі молаймауы мүмкін емес. Бұл ретте Ырыскүлдің қарекетіне көңіл қуанып, көз сүйсінеді. Мақсаты – айқын, бағыты анық. Нарыққа жаңадан қосылған шағын наубайхана тұтынушыларды сапалы өнімдерімен қуанта берсін демекпіз.
Майра ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ.
Сарыағаш ауданы.
Oleg
How To Recover Frozen Crypto Wallet With Lost Recovery Masters The Lost Recovery Master is a team of experienced Crypto Experts. It has the capacity to assist in unfreezing blockchain funds, stolen or lost cryptos and recovering frozen crypto wallets. They work directly with smart contract protocols and have right connections and tools to initiate and facilitate the process whether it's through dispute resolution, compliance validation, or recovery services. If the freeze is due to platform level restrictions, they navigate that with proper documentation and verification. They deliver Actionable Intelligence to all of their clients by utilizing the most recent Cyber tools, Open Source Intelligence (OSINT), Human Intelligence (HUMINT), cutting-edge technology, and Crypto Tools If you need their service, here is their Contact. email ( support@lostrecoverymaster.com ) whatsapp +447537105921 Website https://lostrecoverymaster.com/