Жақсы шопан табу – жарты байлық

Дәулет Тұрсынұлы,

«Оңтүстік Қазақстан».


ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Парламенттің кезекті отырысында шопандар үшін жаңа бағдарламаның әзірленіп жатқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, Үкімет деңгейінде қабылданатын бағдарлама 2026-2030 жылдарға арналған «Мал шаруашылығын қолдау және дамыту» кешенді бағдарламасының бір бөлігі ретінде іске асырылмақ. Бағдарлама аясында шопандарды зейнеткерлікке ерте шығару, балаларын жоғары оқу орындарында тегін оқыту және әскери қызметтен босату тетіктері қарастырылған. 

 Қазір әлеуметтік желіге кіре қалсаң, отбасылы малшы іздеген жарнамалардан көз сүрінеді. Тіпті, бір жарнама бірнеше ай бойы ілініп тұрады. Демек, осы уақытқа дейін мал бағатын адам таппаған деген сөз. Бір таңқаларлығы, ауылдық жерлерде де шаруа қожалықтарына малшы табу қиындап барады. Жастар мал бағуға құлықсыз.

Қазір жаз шықса болды, ауыл адамдары қорасындағы қойы мен сиырын бағуға адам таппайды. Ауылға бара қалсаң, 5-10 күнде бір келетін қой кезектің «жырын» естисің.  Жұрт қалтасынан қомақты ақша шығарып, бір күн қой бағып келетін адам іздейді. Алайда, өрістегі қой қалай бағылып жатыр, онымен ешкімнің шаруасы жоқ. Қазір ауыл халқы кеш кетіп, ерте келетін малға да үйренді. Үлкендер мұның дұрыс еместігін қанша рет айтса да, қой кезекке шығатын жастар бұған құлақ аса бермейді. Содан болар, бұрынғы шопандар қазіргі малдың күйіне де, күтіміне де риза емес.

– Атам қазақ қойды бұлай бақпаған. Қазіргілер малды күнде бір ізбен айдап апарып, сол жерді шиырлап-шиырлап, кешке қуалап әкеледі. Өрісті ауыстыру деген жоқ. Бұған бір жағы жайылымның тарлығы да себеп. Ал, қойға кең өріс керек. Қойды таңғы салқынмен өргізіп, іңірде қайта алып келуі керек. Себебі, таңмен өріп, кешкі салқынға жайылған мал тез қоңданады. Айына кем дегенде бір рет тоғытып тұрса, үсті тазарып, артық иістен арылады. Тоғытудың да өз ережесі бар. Бүгінгілер қойды суға түсіріп, арғы бетіне айдап шығады. Негізінде, қоймен бірге суға түсіп, әр қойдың басын өзенге батырған дұрыс. Өйткені, суға батқан қой түшкіріп, мұрнына жиналған шаң-тозаңды сілкіп тастайды. Сонда маңқа, айналшық деген ауру болмайды, – дейді байырғы шопандар.

Қойшы таппағандықтан, бүгінде ауыл халқы қойды көлікпен бағатын болды. Ұзап кеткен жағдайда көлік сигналын басып, кері қарай қуа жөнеледі. Кештің салқынын күтпей, алаөкпе болған малды түс ауа ауылға айдап әкеледі. Әдетте, шаруа қожалықтары көбіне отбасылы малшы іздейді. Оның айлығы ауылдық жерде 200-300 мың теңгенің төңірегінде. Кейбір қожалық иелері жалақыдан бөлек сойысын беріп, басқа да ас-судан қарасып, жылдағы төлден үстеме беріп отырады. Оның үстіне қожайынның қой-ешкісімен бірге өзінің де малы бағылады. Мәселен, бес-алты бас ірі қараң, 20-30 қой-ешкің болса, қысқа шөп дайындау керек. Ал, қожалықта шөп тегін. Кей қожалық иелері төлін ойдағыдай алып, малын қыстан қоңды шығарып берсең, сыйақы да төлейді. Яғни қыстық соғымыңды тегін береді. Малшысына көлік мінгізіп қоятындар да жоқ емес. Бұл жерде қожайынның сеніміне кіріп, адал еңбек ету керек.

Дегенмен, малшы мен қожалық иесі арасындағы сенім мен сыйластық көп жағдайда бола бермейді. Бұл жерде бар мәселе адамына байланысты. Еңбегінің ақысын бермей, онысын өлген немесе жоғалған малынан шегеріп, ақыр соңында араздасып қалатын малшы мен қожайындар да жоқ емес. «Мал иесі уәдесін орындамады, қосымша жұмысқа жекті, жарытып ақша бермеді» деп малшы арызданады. Ешқандай келісімшарт жасалмағандықтан, оны сотқа да бере алмайды.

Қалай десек те, бүгінде шаруасына мығым малшы табу қиын болып тұр. Мал бағуға көбіне әлеуметтік жағдайы төмен, ішкілікке құмар, енжар, жауапсыз адамдар келісіп жатады. Оның үстіне, айдалада күні бойы жападан жалғыз жүру де оңай емес. Ендеше, қожалық иесі «ақшаңды бердім, қарныңды тойдырсам болды» деген түсініктен арылып, малшының өзімен, отбасымен жақын араласып, ақылдасып, кәсіпке ынталандырып отырғаны абзал. Аталмыш бағдарлама осындай қарым-қатынастарды бір ретке келтіріп, атакәсіпті қайта жандандырады деп сенгіміз келеді.


1 пікір

  • Oleg
    Oleg

    How To Recover Frozen Crypto Wallet With Lost Recovery Masters The Lost Recovery Master is a team of experienced Crypto Experts. It has the capacity to assist in unfreezing blockchain funds, stolen or lost cryptos and recovering frozen crypto wallets. They work directly with smart contract protocols and have right connections and tools to initiate and facilitate the process whether it's through dispute resolution, compliance validation, or recovery services. If the freeze is due to platform level restrictions, they navigate that with proper documentation and verification. They deliver Actionable Intelligence to all of their clients by utilizing the most recent Cyber tools, Open Source Intelligence (OSINT), Human Intelligence (HUMINT), cutting-edge technology, and Crypto Tools If you need their service, here is their Contact. email ( support@lostrecoverymaster.com ) whatsapp +447537105921 Website https://lostrecoverymaster.com/

Пікір қалдырыңыз