Алаяқтар аңқауларды кешірмейді
Бүгінде әлеуметтік желілер тек қарым-қатынас пен ақпарат алмасу алаңы ғана емес, өкінішке қарай, алаяқтар үшін табыс көзіне де айналып отыр. Олар адамдардың сенімін, кейбіреулердің аңқаулығын пайдаланып, түрлі айла-шарғылар арқылы ақшасын алып және жеке деректеріне қол жеткізіп жатады. Fingramota.kz мамандары интернеттегі алаяқтықтан қорғанудың мынадай жолдарын ұсынады.
Алаяқтардың ең жиі қолданатын тәсілдерінің бірі – жалған брендтер мен дүкендердің парақшаларын ашу. Олар танымал компаниялардың логотиптері мен сайт дизайнын көшіріп алып, «ұтыс ойыны», «жеңілдік» немесе «сыйлық» деген секілді тартымды ұсыныстар жариялайды. Пайдаланушы сілтемеге өтіп, карта нөмірін немесе жеке мәліметтерін енгізген сәтте деректері алаяқтардың қолына түседі. Мәселен, өткен жылы Шымкент қаласында полицейлер әлеуметтік желіде жалған аяқ киім дүкенін ашып, сатып алушыларды алдаған үш адамды ұстаған. Олар шынайы маркетплейстердің суреттерін пайдаланып, алдын-ала төлем алғаннан кейін сатып алушыларды бұғаттап отырған.
Мұндай жағдайға жол бермеу үшін дүкен парақшасындағы «қанат белгісін» тексеріңіз, байланыс деректері мен ресми сайтқа сілтемесін қараңыз. Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз, карта нөміріңізді енгізбеңіз және төлемді тек ресми сайттар мен қосымшалар арқылы жасаңыз.
Тағы бір кең тараған тәсіл – «достардан» келген күмәнді хабарламалар. Алаяқтар адамның аккаунтын бұзып, оның атынан ақша сұрайды немесе сілтеме жібереді. Мұндай хабарламалар көбінесе «қарызға бере тұршы» немесе «дауыс беруге көмектесші» деген сылтаумен келеді. Ал, зиянды сілтемеге өткен сәтте құрылғыңызға вирус кіреді де, барлық жеке деректеріңіз алаяқтардың қолына өтеді. Өткен жылы елімізде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалған 4 мыңнан астам осындай қылмыс тіркелген. Егер жақыныңыздан күмәнді хабарлама келсе, міндетті түрде оған қоңырау шалыңыз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және әлеуметтік желі аккаунттарыңызда екі факторлы аутентификация орнатыңыз.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жалған ұтыс ойындары мен лотереялар да жиі кездеседі. «Жүлде ұтып алдыңыз» немесе «сыйлық сіздікі» деген хабарламаларға сенуге болмайды. Көп жағдайда олар сыйлық алу үшін «комиссия» немесе «сақтандыру төлемін» сұрайды. Ал, ақша жіберілген соң ұтыс та, ұйымдастырушы да ізім-ғайым жоқ болады. Мысалы, өткен жылы батыс өңірде бір азамат өзін лотерея өкілі ретінде таныстырып, азаматтардан «сақтандыру үшін» ақша алып отырған. Сондықтан ешқашан алдын-ала төлем талап ететін «ұтыс ойындарына» қатыспаңыз, ұйымдастырушының ресми парақшасы мен лицензиясын тексеріңіз.
Жалған жұмыс орындары да интернеттегі кең тараған алаяқтық түріне айналды. «Күніне екі сағат жұмыс істеп, 50 мың теңге табыс табыңыз» деген хабарландырулар сенгіш адамдарды өзіне тартып тұрады. Алаяқтар мұндай хабарландырулар арқылы үміткерлерден «тіркеу жарнасы» немесе «оқу ақысын» сұрап, кейін із-түзсіз жоғалып кетеді. Биыл Whatsapp арқылы Ozon маркетплейсіне жұмысқа шақырған хабарламалар тараған. Онда нақты мекенжай көрсетілмей, тек шетелдік нөмірлер арқылы хабар жіберілген. Кейін бұл ұсыныстардың жалған екені анықталған. Сондықтан «оңай ақша» ұсынған жарнамаларға сенбеңіз, нақты жұмысқа орналасу кезінде ешқашан ақша төлемеңіз.
Тағы бір қауіпті түрі – «love scam» немесе интернет арқылы танысып, сенімге кіріп, кейін ақша сұрайтын романтикалық алаяқтар. Олар жылы сөйлесіп, эмоционалды байланыс орнатып, кейін түрлі сылтаумен ақша сұрайды. Биыл Ақмола облысының тұрғыны өзін БҰҰ бітімгері ретінде таныстырған ер адамға 550 доллар аударған. Кейін ол әйелдің сенімін пайдаланып, тағы да ақша талап еткен. Сол кезде жәбірленуші полицияға жүгінген.
Қысқасы, әлеуметтік желідегі алаяқтардың айласы күн сайын түрленіп барады. Олардың торына түспеу үшін әрбір пайдаланушы ақпаратты тексеріп, сілтемелерге абай болып, ешқашан жеке мәліметтерін бейтаныс адамдарға бермеуі тиіс. Интернеттегі сақтық – қаржылық қауіпсіздіктің басты кепілі.
Әзірлеген – Маржан ЖАМАНҚҰЛОВА.
Oleg
How To Recover Frozen Crypto Wallet With Lost Recovery Masters The Lost Recovery Master is a team of experienced Crypto Experts. It has the capacity to assist in unfreezing blockchain funds, stolen or lost cryptos and recovering frozen crypto wallets. They work directly with smart contract protocols and have right connections and tools to initiate and facilitate the process whether it's through dispute resolution, compliance validation, or recovery services. If the freeze is due to platform level restrictions, they navigate that with proper documentation and verification. They deliver Actionable Intelligence to all of their clients by utilizing the most recent Cyber tools, Open Source Intelligence (OSINT), Human Intelligence (HUMINT), cutting-edge technology, and Crypto Tools If you need their service, here is their Contact. email ( support@lostrecoverymaster.com ) whatsapp +447537105921 Website https://lostrecoverymaster.com/