Дінмұхаммед – маңдайалды механизатор
Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Абай ауылының тұрғыны Дінмұхаммед Нәлібаев – өте тәжірибелі де білікті механизаторлардың бірі. Ол 2000 жылдан бері мақта және бақша дақылдарын өсіруде үздік нәтиже көрсетіп келеді. Еңбекқорлығымен ауылдастарының алғысына бөленген Дінмұхаммедтің бос отырған күнін көрмейсіз.
Бала Дінмұхаммед шаруа жайын ерте танып өсті. Әкесi Дәулет ұзақ жылдар ұжымшарда көлік жүргізіп, техника тілін жетік меңгерген шебер маман еді. Көлігі бұзылса, біреуге жалынбай өзі жөндеп алатын. Таңсәріде жүк көлігінің оталған даусын естіп, балалар да әкесінің қасына жүгіріп барады. Сол сәттерде бала Дінмұхаммед «шіркін-ай, тезірек ер жетіп, өзімде көлік жүргізсем ғой» деп армандайтын.
Мектеп бітірген соң Дінмұхаммед механизаторлар даярлайтын қысқа мерзімді курста оқып, алғаш рет трактор тізгінін ұстады. Дәл сол жылы ұжымшар тарап, Дәулет аға пай үлесіне тиген ескі «МТЗ–80» тракторын үйге әкелді. Әкелі-балалы екеуі тракторды бір ай бойы жөндеді. Көп ұзамай ауыл тұрғындары оның шеберлігі мен тындырымдылығына риза болып, жер жырту, тырмалау, чизельдеу сияқты жұмыстарға тапсырыс бере бастады. Ол кезде техника тапшы еді, сондықтан Дінмұхаммедке өтініш айтушылар да көп болатын.
– Сырт көзге трактор айдау оңай көрінуі мүмкін. Бірақ, бұл іс төзімділік пен ептілікті талап етеді. Әсіресе, техника бұзылғанда оны өз қолыңмен жөндей білудің маңызы зор. Сол себепті мен токарь мен дәнекерлеуші мамандығын да қатар меңгеріп алдым. Көктемнен күзге дейін жер жырту, шит себу, қоза баптау, өнім тасу сияқты жұмыстарды сапалы орындауға күш саламын. Ең бастысы, істеген еңбегің елдің алғысына лайық болса, одан артық қуаныш жоқ, – дейді ауылдың маңдайалды механизаторы Дінмұхаммед Нәлібаев.
Биыл Нәлібаевтар отбасы өз қожалығына тиесілі 5,5 гектар суармалы жердің жартысына мақтаның отандық, қалған бөлігіне түрік сортын өсірді. Нәтижесінде әр гектардан орта есеппен 38 центнерден өнім жинаған. Қожалықтың төрт тракторы, бір «Джон Дир» және бір өзбекстандық комбайны бар.
– Еңбек адамды тәрбиелейді. Сол себепті жастар еңбектен қашпау керек. Жұбайым, «Алтын алқа» иегері Күлпатшамен сегіз перзент өсірдік. Ұлдарымның үшеуі – Дінмұхаммед, Ермұхаммед және Бекмұхаммед – ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүр. Бәрі де техниканы жетік меңгерген, – дейді Дәулет аға.
Дінмұхаммедтің жары Сәуле Ж.Бектаев атындағы орта мектепте кітапханашы болып қызмет етеді. Ерлі-зайыптылар бес перзент тәрбиелеп отыр. Өз ісіне адал, еңбекқор, кішіпейіл Дінмұхаммедтің бейнеті зейнетке айналып, еңбегінің жемісін көруін тілейміз.
Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ.
Мақтаарал ауданы.
Oleg
How To Recover Frozen Crypto Wallet With Lost Recovery Masters The Lost Recovery Master is a team of experienced Crypto Experts. It has the capacity to assist in unfreezing blockchain funds, stolen or lost cryptos and recovering frozen crypto wallets. They work directly with smart contract protocols and have right connections and tools to initiate and facilitate the process whether it's through dispute resolution, compliance validation, or recovery services. If the freeze is due to platform level restrictions, they navigate that with proper documentation and verification. They deliver Actionable Intelligence to all of their clients by utilizing the most recent Cyber tools, Open Source Intelligence (OSINT), Human Intelligence (HUMINT), cutting-edge technology, and Crypto Tools If you need their service, here is their Contact. email ( support@lostrecoverymaster.com ) whatsapp +447537105921 Website https://lostrecoverymaster.com/