Саналыға газ келді!

Облыста халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Соның бір айғағы – таяуда Арыс қаласына қарасты Саналы елді мекенінің тұрғындары табиғи газды тұтына бастады.

Салтанатты іс-шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев арнайы қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Соның бір дәлелі – сіздер көптен күткен бүгінгі қуанышты күн» деді ол өз сөзінде.

Салтанатты іс-шара барысында ауыл ақсақалдары алау жағып, игі бастамаға ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, Саналы елді мекенін табиғи газбен қамту жобасы жеке инвестор «Otebay Gaz» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды. Жалпы, жыл басынан бері Арыс қаласына қарасты Байырқұм, Жиделі және Көкжиде ауылдары да табиғи газға қосылды. Жыл соңына дейін қала орталығы мен Аққала ауылына газ жеткізу жоспарланып отыр.

Бұл жұмыстардың барлығы ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға, экологиялық талаптарды сақтауға және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

М.Дәуренқызы.

1 пікір

  • Oleg
    Oleg

    How To Recover Frozen Crypto Wallet With Lost Recovery Masters The Lost Recovery Master is a team of experienced Crypto Experts. It has the capacity to assist in unfreezing blockchain funds, stolen or lost cryptos and recovering frozen crypto wallets. They work directly with smart contract protocols and have right connections and tools to initiate and facilitate the process whether it's through dispute resolution, compliance validation, or recovery services. If the freeze is due to platform level restrictions, they navigate that with proper documentation and verification. They deliver Actionable Intelligence to all of their clients by utilizing the most recent Cyber tools, Open Source Intelligence (OSINT), Human Intelligence (HUMINT), cutting-edge technology, and Crypto Tools If you need their service, here is their Contact. email ( support@lostrecoverymaster.com ) whatsapp +447537105921 Website https://lostrecoverymaster.com/

Пікір қалдырыңыз