МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ
Мемлекеттік қызметшінің ең басты міндеті – азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғап, халыққа сапалы қызмет көрсету.
Кез келген елдің дамуы
ең алдымен азаматтардың мемлекетке деген сенімімен өлшенеді. Ал, сол сенімді
қалыптастыратын негізгі күш – мемлекеттік қызметшілер. Себебі, мемлекеттік қызмет – халық
пен мемлекет арасындағы дәнекер, үлкен жауапкершілік пен абыройды талап ететін
міндет.
Мемлекеттік қызметшінің ең басты міндеті – азаматтардың
құқығы мен мүддесін қорғап,
халыққа сапалы қызмет көрсету. Әрбір қабылданған шешім мен жасалған іс-әрекет
тек жеке адамға ғана емес, тұтас қоғамға әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан бұл
салада әділдік, адалдық, ашықтық және кәсібилік қағидаттары айрықша мәнге ие.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік
қызметтің ашық әрі тиімді болуына ерекше назар аударып келеді. Оның «Халық
үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – мемлекеттік қызметшілердің негізгі
бағыты. Яғни, әрбір азаматтың мәселесіне бей-жай қарамай, шешімін
табуға ықпал ету – басты міндет.
Мемлекеттік қызмет – мансап қуудың емес,
елге адал қызмет етудің жолы. Бұл салаға келген әрбір маман «мемлекет маған не
береді?» деп емес, «мен мемлекетке не бере аламын?» деген ұстаныммен еңбек етуі
қажет. Туған елге адал қызмет ету – әрбір мемлекеттік қызметшінің абыройы әрі азаматтық
борышы. Сонымен
қатар, мемлекеттік қызметтің тартымдылығы – оның тұрақтылығында әрі кәсіби дамуға жол ашатындығында.
Қызметкердің еңбегі тек заң аясында емес, халық алдындағы сеніммен өлшенеді.
Сондықтан мемлекеттік қызметкер үшін ең үлкен марапат – халықтың алғысы мен
сенімі.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызмет – халықтың болашағын баянды етіп, елдің дамуына
деген үлес қосу.
Ал, бұл міндетті абыроймен атқару – үлкен мәртебе.
Марина БІЛІСБАЕВА,
Түркістан облыстық Әділет департаментінің әкімшілік
бөлімінің бас маманы.
Oleg
The Lost Recovery Master is a team of experienced Crypto Experts. It has the capacity to assist in unfreezing blockchain funds, stolen or lost cryptos and recovering frozen crypto wallets. They work directly with smart contract protocols and have right connections and tools to initiate and facilitate the process whether it's through dispute resolution, compliance validation, or recovery services. If the freeze is due to platform level restrictions, they navigate that with proper documentation and verification. They deliver Actionable Intelligence to all of their clients by utilizing the most recent Cyber tools, Open Source Intelligence (OSINT), Human Intelligence (HUMINT), cutting-edge technology, and Crypto Tools If you need their service reach out to them on their website: