Нағыз мамандар бақ сынады

Жуырда «Qazaqgaz AIMAQ» АҚ-ның Шымкент филиалы «Үздік маман» байқауын өткізді. Еңбек адамдарының беделін көтеру, компания қызметкерлерін ынталандыру, олардың кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған байқау жоғары деңгейде өтті. Жиынды
өткізуге газ өндірісі саласындағы ардагерлер кеңесінің Шымкент филиалы белсенділік танытты.

Аталмыш іс-шараға «Qazaqgaz AIMAQ» АҚ-ның директоры Е.Қалдыгулова, директордың орынбасары А.Бижанова, бас инженер В.Кисиков, кадр бөлімінің басшысы Д.Оспанова қатысып, өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Конкурс барысында үміткерлер өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, жұмыс барысында жолығатын түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп жүрген кәнігі мамандар екенін байқатты.  Шара соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Атап айтар болсақ, химиялық қорғау бөлімінің монтері М.Базарбай, авариялық-диспетчер бөлімінің дәнекерлеушісі М.Сандаров, электродәнекерлеуші А.Мәуленов бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Г. ӘШІРОВА,
республикалық газ саласы ардагерлері Шымкент қалалық филиалының төрайымы.
Пікір қалдырыңыз