Кәсіпорындардың инновациялық қызметі туралы не білеміз?

2024 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорындардың инновация саласындағы белсенділік деңгейі 11,4 %-ды құрады. Есепті кезеңде 100 кәсіпорын инновацияларға ие болды (2023 жылы 93 кәсіпорын). 
Өнімдік және бизнес-процестік инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділік көрсеткіші 11,4%-ды құрады (2023 жылы 10,2 % болған). Инновацияның барлық түрі бойынша бұл саладағы белсенділік деңгейінің ең жоғары көрсеткіші ірі кәсіпорындар арасында байқалып (44,6%) отыр.

Былтыр инновациялық өнім көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 18,5%-ға  кеміп, 14448,7 млн. теңгені құрады. Өткізілген инновациялық өнім көлемі 11227,9 млн. теңге болды. 
Талдау кезеңі бойынша инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 50,4%-ға артып, 21084,3 млн. теңгені құрады. Оның ішінде ішкі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) шығындары 1219 млн. теңге, сыртқы ҒЗТҚЖ – 2784,4 млн. теңге болды. 
Сонымен қатар, қаржыландыру кезеңдері бойынша кәсіпорындардың меншікті қаражатынан инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі – 7167,7 млн. теңгені, өзге де қаражаттар – 8563,9 млн. теңгені құрады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша едәуір инновациялары бар салалар – өңдеу өнеркәсібі (37%), денсаулық сақтау саласындағы қызмет (32%), тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу (10%) болып табылады.
Инновациялары бар кәсіпорындардың көпшілігі Түркістан қаласында (13%) және Созақ (12%), Сайрам (12%), Түлкібас (8%) аудандарында жұмыс істейтіні анықталды.

Гүлжамал ТОҚСАНБАЕВА,
ҚР Стратегиялық жоспарлау және 
реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті 
қызмет көрсету статистикасы басқармасының басшысы.  

2 пікір

  • Slow
    Slow

    [url=https://okg.kz/post?id=40047&slug=kasiporyndardyn-innovatsiyalyq-qyzmeti-turaly-ne-bilemiz]https://okg.kz/post?id=40047&slug=kasiporyndardyn-innovatsiyalyq-qyzmeti-turaly-ne-bilemiz[/url] https://okg.kz/post?id=40047&slug=kasiporyndardyn-innovatsiyalyq-qyzmeti-turaly-ne-bilemiz

  • Malik Shaw
    Malik Shaw

    How to Hire the Best Crypto Recovery Expert//Lost Recovery Masters Hello Guys, be cautious before committing to any investment or trading website, as there are many unregulated platforms on the internet that take money from unsuspecting victims and walk away with their hard-earned money. I’m glad I met Lost Recovery Masters, who rescued me from these shady investment schemes and gave me back my peace of mind. Lost Recovery Masters also provides the following services: Recover your stolen or lost Cryptocurrency Phone cloning Spy on and monitor a suspected cheating partner Credit score improvement Clearing of criminal records and bad debts, etc. Contact them on Email: ( Lostrecoverymasters@gmail.com ) Website https://recoverymasters.wixsite.com/lost recovery masters whatsapp +447537105921 Don’t forget to mention Malik Shaw recommended you

Пікір қалдырыңыз