Ұрпақты даналыққа баулитын туынды

Қазығұрт ауданында ұлағатты ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері Салдарбек Көлібайұлының «Ертедегі Шығыс және Орта Азия ғалымдары мен ғұламалары» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

– Бұл кітап Салдарбек Көлібай­ұлының сан жылдық зерттеу еңбегінің жемісі. Шығыстың данагөй ғалымдары мен ғұламаларының өмір жолы, еңбектері, ғылым мен мәдениетке қосқан үлестері бүгінгі жас ұрпақ үшін тағлым мен тәрбие көзі десек, қателеспейміз. Мұндай еңбектер рухани құндылықтарымызды дәріптеп, ұлттық санамызды биіктете түседі. Салдарбек ағамызға шығармашылық табыс тілеймін, – деді аудан әкімі А.Исмаилов.
Кітапта ежелгі Шығыс пен Орта Азияда өмір сүрген ұлы ойшылдардың өмірбаяндары, ғылымғаадамзат өркениетіне қосқан үлестері кеңінен баяндалған. Бұл еңбек – тарих пен ғылымды ұштастыра отырып, жас ұрпақты ұлы мұраны құрметтеуге баулитын құнды туынды.
Шара барысында зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар жаңа туынды жөнінде өз пікірлерін білдіріп, еңбектің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз