Пошта маркасы – Қалдаяқов құрметіне!

Алматы қаласында мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған алғашқы пошта маркасының тұсаукесері өтті. Бұл бастама – «Шәмші әлемі» қоғамдық қоры мен «Қазпошта» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесі.
Үш мың дана тиражбен жарық көрген марка композитордың 95 жылдық мерейтойына арналды. Жобаның идеялық авторы – қордың атқарушы директоры Ботагөз Қалдаяқова, ал, көркемдік шешімін пошта маркаларының дизайнері Рауан Хайролла жүзеге асырған. Маркада Шәмші Қалдаяқовтың ұлт руханиятындағы орны, саз өнеріндегі қайталанбас қолтаңбасы көрініс тапқан.
«Пошта қызметі» филиалының пошта төлем белгілері басқармасының басшысы Айжан Омарова бұл туындының коллекционерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып жатқанын атап өтті. «Оны ашық нарықтан табу қиын – бұл марка коллекционерлер үшін сирек әрі құнды жәдігерге айналады» дейді ол.
«Шәмші әлемі» қоғамдық қоры жыл бойы композитордың мерейтойына орай ұлттық музыка мәдениетін дәріптеуге бағытталған ауқымды жобаларды қолға алмақ. Сол бастамалардың бірі – осы пошта маркасы.
Серік ОЛЖАТАЕВ,
Шәмші Қалдаяқов музейінің меңгерушісі.
Отырар ауданы.
Alicia Nida
Hire The Best Cryptocurrency Recovery Service / Lost Recovery Masters. Lost Recovery Masters offers tailored assistance to simplify and enhance the recovery process for victims who have fallen victim to Bitcoin theft. Understanding how reliable recovered funds are to their clients, Lost Recovery Masters has emerged with extremely effective and professional Bitcoin recovery services. Lost Recovery Masters has a team of investigators from across the globe that are well prepared to help clients from wherever they may be which means that help will always be within reach. Contact info. Website ( https://lostrecoverymasters.com/ ) Email ( Support@lostrecoverymasters.com ) Whatsapp +44(7537)-105921