Елді ел қылатын ішкі бірлігі

Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесі мүшелері Сауран ауданы тұрғындарымен кездесті. Жиынға Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің аудандағы белсенді мүшелері, кәсіби медиаторлар, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.
Жиында алғаш болып сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і ҚХА жанындағы құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбаев бүгінгі таңда Ассамблея еліміздің саяси өміріне әртүрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы ел азаматтарын тарту арқылы өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешімін табуға зор үлес қосып келе жатқанын атап етті.
Күн тәртібіне сәйкес, жиында ел бірлігі пен келісімді бұзуға бағытталған, этносаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі кез келген арандатушылықтың жолын кесу бойынша Сауран ауданының прокуроры Нұрлыбек Темірбаев, әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын алу бойынша облыстық полиция департаментінің өкілі Бекжан Исабай, медиация тәсілінің сотқа дейінгі және соттағы тиімділігі мен артықшылығы жөнінде облыстық медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова баяндама жасады.
Кездесу барысында қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

«ОҢТҮСТІК»-АҚПАРАТ.

Пікір қалдырыңыз