Туған жерге кіндігінен байланған

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ, «Оңтүстік Қазақстан».

Қазақта «Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды» деген жақсы сөз бар. Бүгінде аға буынның арасынан бөлекше болмысымен, келісті келбетімен, байыпты ақыл-кеңесімен дараланып тұратын Келесбек Жартыбаев ағаны Түлкібас өңірінде құрметтемейтін адам жоқ деуге болады. Ол бүкіл саналы ғұмырын осы өңірде өткізіп келеді.

Жастайынан алдыңғы буын ағалардың ізіне ілесіп, жақсылық атаулыны көкірегіне түйіп өскен оның сол жолдан ауытқуға хақы да жоқ-тын. Ол бұғанасы қатпай жатып, тракторшы мамандығын игерді. Сол уақыттарда қай жерде болмасын, мал шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлініп, бұрынғы ұсақ шаруашылықтар біріктіріліп, жастарды жұмысқа кеңінен тарта бастаған. Мұрты енді тебіндей бастаған бозбала жігіт өз ауылы – «Алғабас» ұжымшарында трактор тізгінін қолына алып, тынымсыз ағынға ілесіп кете барды. Жаз бойы шабындықта шөп шапса, қысқа қарай малды ауылдың тірлігімен қыстауға бет алады. Бір қолын екі ете алмай, үнемі мұрнынан шаншылып жүретін ұжымшардағы ағаларының бітпей жатқан шаруаларын да тындыра салады. Осылайша тынымсыз еңбек ете жүріп, шоферлық курсты да бітіріп алды. Азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылған кезде ол техниканы жетік меңгерген білікті маман, жас та болса өмір көріп үлгерген тәжірибелі жігіт еді.

Осындай өмір мектебінен өткен Келесбек аға беріректе шаруашылықта бригадир қызметін атқарды. Ол осы жауапты жұмыстың басы-қасында жүрген кезде басшылар шаруашылыққа көп алаңдай бермейтін. Бригадирлік жұмысты ол он жылдан аса атқарды. Әрине, еңбек ете жүріп жоғары білім алуды да ұмытқан жоқ. Шымкенттегі Халықаралық Достық университетін тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, одан кейін Қазақ-өзбек инженерлі-гуманитарлық университетінің «химиялық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын оқып алды.

Уақытқа тоқтам бар ма, тоқсаныншы жылдары кеңшар тараған тұста Келесбек ағамыз жеке кәсіпкерлікке бет бұрып, «Аққанат» агрофирмасының басшысы болды. Бұдан кейінгі жылдары «Ақсу-Жабағылы» құс фабрикасында директордың орынбасары, «Жабағылы құс фабрикасы» АҚ-ның вице-президенті, «Аршалы» серіктестігінде директордың орынбасары, Жабағылы ауылы мен Түлкібас поселкесінің әкімі, «Талдыбұлақ» ӨК-нің төрағасы қызметтерін атқарған Келесбек ағаға ауылдастары ылғи да азамат ретінде арқа сүйеп, іскер жетекші деп сенім артты. Оның бірнеше дүркін аудандық, облыстық мәслихатқа депутат болып сайлануының өзі еңбегінің бағалануы, жерлестерінің құрметі емес пе?!

Ал, Түлкібас аудандық «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның директоры қызметіне келгенде оның алдында күрделі міндеттер тұрған еді. Бойдағы білім мен тәжірибені ұштастырып, бірқатар кезек күттірмейтін мәселелерді жедел түрде шешуге тура келді. Жан-жақтан мамандар тартып, ортақ іске жұмыла кірісті. Ең бастысы, өзара сенім орнап, ауылдар мен елді мекендерді газбен қамтамасыз ету ісі дұрыс жолға қойыла бастады. Сол кезде атқарылған игілікті істердің нәтижесінде Түлкібас ауданы түгелдей «көгілдір отынмен» қамтылды.

Келесбек аға бұдан кейінгі жылдары ауданның коммуналдық шаруашылығын, Майлыкент ауылының әкімі қызметтерін атқарды. 2018 жылдан бері «Түркібасы коммуналдық шаруашылығы» серіктестігін басқарып келеді.

Оның осынша жылғы еңбегі ескерусіз қалған жоқ. «Ерен еңбегі үшін», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Батыр шапағаты» медальдарымен, «Ұлт даңқы» орденімен, «Газ құбырына – 70 жыл», «КазТрансГазАймақ – 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл», «Астана қаласына – 10 және 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. Түлкібас ауданының құрметті азаматы атанды. Ел Президенті мен облыс басшыларынан алған басқа да марапаттары бір төбе.

Келесбек аға қазір де ат үстінде. Аудандағы үлкен саланың тізгінін ұстап, ел қамын ойлау дағдысынан бір жаңылған емес. Кейде тіршілік ретімен, жұмыс жағдайымен қалаға келе қалса, бірер күннен артық байыз тауып отыра алмайды. Ауылына асығады. Өзі бүкіл саналы ғұмырын арнаған, маңдай терін төккен өңірдің әр түп ағашына дейін жанына ыстық.

Келесбек ағаның тәлімін алған ұл-қыздары бүгінде ел таныған іскер азаматтарға айналды. Олар да әке жолымен жақсылықтың жанашыры, көпшіліктің қамқоры болып жүр. «Адамға бәрінен бұрын уақыт қымбат. Бүгінгі жастар уақытты бос өткізбеуге, әрбір сәтті тиімді пайдалана білуге дағдылануы тиіс. Өз заманының алдыңғы қатарлы азаматы болуға ұмтылуы қажет» дейді Келесбек аға өзінің өмір тәжірибесін алға тартып.

Елдің сыйлы азаматы Келесбек Ешенқұлұлы өзінің шыққан биігіне осындай құрметке бөленіп келіп отыр.    

10 пікір

  • John Larry
    John Larry

    PEOPLE SHOULD BEWARE THERE ARE MANY FAKE FRAUDULENT OUT THERE... People are falling victim to it. I am so delighted to share my incredible experience with the recovery company called MAYER MUSK HACKER. I invested 145,000 in a fake investment. After falling victim. I was devastated and unsure if I would ever see my hard-earned money again. I’m happy I found MAYER MUSK HACKER on google who helped me recover my cryptocurrency. I can’t forget how MAYER MUSK HACKER helped me recover my cryptocurrency. I never would have imagined that cryptocurrency could be recovered. To anyone who finds themselves in a similar predicament, I recommend MAYER MUSK HACKER. Their unwavering commitment to their client’s well-being, combined with their unparalleled expertise in cryptocurrency recovery. You can also contact them via Email support@mayermuskrecoveries.com Website https://mayermuskrecoveries.com Whats-App: +1 (347) 470-7678 They are one of the best recovery companies in the world.

  • Марат Жанесен
    Марат Жанесен

    Жұмысы мен мемлекеттік қызметтегі жетістіктері өз алдына,ал депутаттықтың тауқыметімен елге тартқан инвестициялары арқылы -нар тұлға екені даусыз.

  • Sarah Sliverman
    Sarah Sliverman

    FINALLY I GOT MY LOST BITCOIN BACK ALL THANKS TO LOST RECOVERY-MASTERS Hello people, I am Sarah Silverman an Actress from Independent films in the USA. I highly recommend the service of Lost Recovery Masters to everyone who wishes to recover lost money either bitcoin or other cryptocurrencies from these online scammers, wallet hackers, or if you ever sent bitcoins to the wrong wallet address. I was able to recover my lost bitcoins from online swindlers in less than 24 hours after contacting them. They are the best professional hackers out there and I’m truly thankful for their help in recovering all I lost. If you need their service too, here is their contact information. Email: Support@lostrecoverymasters.com Website https://lostrecoverymasters.com/

  • Сейілбек
    Сейілбек

    Еліңнің алғысына бөлене бер АЛЛАның нұры жаусын Әумин! ×

  • Сейілбек. Лесов
    Сейілбек. Лесов

    Ел үшін туған Сз

  • Айдеке
    Айдеке

    Көкемді үлгі тұтамын. Алла ұзақ ғұмырды нәсіп етсін!????

  • Досымжан
    Досымжан

    Аллаға шүкір, осындай азаматтар өмірде көп болсын

Пікір қалдырыңыз