Кәсіпкерлерге Президент кепілдік береді


     Жасыратыны жоқ, еліміздегі бизнеске басымдық беру, кәсіпкерлерді қолдау мәселесі бұрын да айтылып жүргені рас. Алайда, шағын және орта бизнес иелері Үкімет тарапынан нақты әрі шынайы қамқорлықты жете сезіне алмай жүр. Әсіресе, елді жайлаған індет салдарынан көптеген кәсіпкерлер көл-көсір зиян шекті. Пандемия кезінде тіпті олардың жұмысы тұралауға айналды. Соның салдарынан кәсіпкерлік саласы әлі күнге дейін енсе тіктей алмай келеді. Оны экспорттағы әлеуетімізден айқын аңғаруға болады. Әрине, бұл бағытта атқарылып жатқан ілкімді істер баршылық. Алайда, бұл жеткіліксіз болатын. VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге арнайы тоқталды. Еліміздің кәсіпкерлеріне үндеу жасады.

     «Қазақстан – бәріміздің ортақ мекеніміз. Ендеше, қастерлі Отанымызды бірге өркендетейік, болашағымызды бірге құрайық. Мен Президент ретінде Сіздерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетініне кепілдік беремін. Біз шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілетін арттыру мәселесіне баса мән береміз. Осы орайда, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеу қажет» деді Мемлекет басшысы.

      Бұл маңызды қадам, сөз жоқ, кәсіпкерлер мен бизнесмендердің жұмысына қанат бітіріп, серпіліс әкелері сөзсіз. Кәсіпкерлер енді Президентке арқа сүйей алады.  

                                                                                      Нұрлан ҚОЗЫБАҚОВ,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Шымкент Аутлет» ЖШС-інің директоры.

Пікір қалдырыңыз