«Әзіл BATTLE TURKESTAN» өнер сайысы өтті

Өнер бәйгесіне елімізге белгілі командалар қатысты.

Бүгін "Түркістан Оқушылар сарайында" жайдарманшылар арасында "Әзіл BATTLE TURKESTAN" өнер сайысы өтті. Өнер бәйгесіне елімізге белгілі "Абырой", "Жаңақорған", ХҚТУ құрамалары, сонымен қатар, Түркістан блогерлері, "Азарт" сериалының актёрлары мен "Оқушылар сарайы" жайдарман академиясының қатысты.


Мекеме директоры Индира Икапова қатысушыларға сәттілік тілеп, ыстық лебізін білдірді.




"Бүгін бізде өте керемет күн. Бар жанарды жаулаған  "Әзіл BATTLE" сайысында өнер көрсететін елімізге танымал әзіл әлемінің өкілдері көрерменге көтеріңкі көңіл күй сылайды деп сенемін. Сонымен бірге, әзіл арқылы әсерлі ой тастап, жас жеткіншектердің шығармашылығын шыңдауға, шабыттандыруға себеп болғалы тұр. Бұл - біздің ұжымның да негізгі мақсаты. Сондықтан "Оқушылар сарайының" сахнасына көтерілген әрбір өнерпаз бен көрермендерге алғыс айтамын. Әрбір күніміз сәтті, қуанышқа толы болсын!", - деді Индира Сарқытқызы өз сөзінде.


Әзіл жекпе-жегіне түркістандық айтыс ақтаңгері, "Алтын домбыра" иегері Бекарыс Шойбеков, айтыскер Тұрар Тлеулиев, жайдарман ойындарының ардагері Жанболат Досболов сынды азаматтар қазылық етті. Сайыс нәтижесімен "Абырой" командасы бас жүлдеге қол жеткізді.

Пікір қалдырыңыз