Жұмыс жоқ емес,бар! (Екінші жартыжылдықтағы еңбек нарығы туралы сараптама)

Түркістан облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында биылғы 1 қарашаға дейін атқарылған жұмыстар аз емес. Өңірде халықты еңбекпен қамту шараларына басымдық берілуде. Ол үшін жер-жерде еңбек қатынастарын үйлестіру, тұрғындардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету баста назарға алынған. Нақты деректерге жүгінсек, 2022 жылдың 2 тоқсанының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, облыстың жұмыс күші 819,8 мың адамды құрады. Барлығы 777,6 мың адам еңбекке тартылды. Оның ішінде 417,2 мың адам жалдамалы жұмысшылар болса, 360,4 мыңы өздігінен жұмыспен қамтылғандар. Бұл ретте жеке кәсіпорындармен түзілген меморандумдардың өз тиімділігін көрсетіп жатқанын айта кетейік. 1 қарашаға дейін өңірімізде жалпы 6 620 жеке кәсіпорынмен немесе олардың 48 пайызымен өндірістік жүйені реттеу мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумдар түзіліп,  тараптармен бекітілді. Оның ішінде: 34 ірі (100,0%), 50 орта (100,0%) және 6 536 шағын (63%) кәсіпорындармен меморандумдар жасалды.
Биыл Ұлттық жобалар негізінде бекітілген «2022-2025 жылдарға арналған өңірлік жұмыс орнын құру картасы» аясында 33 819 жұмыс орнын ашу (5 087 тұрақты, 28 732 уақытша жұмыс орны) көзделген. Атап айтқанда, «Дені сау ұлт» әрбір азаматқа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек ұлттық жобасы аясында 650 уақытша жұмыс орнын ашу жоспарланған. Ал, сапалы білім «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында 2 151 жұмыс орнын (оның ішінде 526 тұрақты, 1 625 уақытша жұмыс орны), құру жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 23 483 жұмыс орнын (оның ішінде 2855 тұрақты, 20 628 уақытша жұмыс орнын), агроөнеркәсіп кешенін дамыту ұлттық жобасы бойынша 3 265 жұмыс орнын (оның ішінде 653 тұрақты, 2 612 уақытша жұмыс орны, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу ұлттық жобасы бойынша 696 жаңа тұрақты жұмыс орнын, қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері ұлттық жобасы аясында 3 544 жаңа жұмыс орнын (оның ішінде 327 тұрақты, 3 217 уақытша), цифрландыру, ғылым және инновацияның арқасында технологиялық серпіліс ұлттық жобасы бойынша 30 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылатыны көзделген. Облыс бойынша осы мерзімге дейін 36 750 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 4 355-і тұрақты, 32 395-сі уақытша. 
Таратып айтқанда, 1 042 орын «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында, 32 558 орын «Кәсіпкерлікті дамыту», 225 орын «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу», 320 орын «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту», 2 581 орын «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», Цифрландыру, ғылым және инновацияның арқасында технологиялық серпіліс ұлттық жобасы бойынша 24 жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды. 
Сонымен қатар, 2022 жылы Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 орын құру» тапсырмасына сәйкес 10 854 тұрақты жұмыс орындарын ашу тапсырмасы өзекті. 1 қарашадағы жағдаймен жеке бастамалар шеңберінде 17 453 тұрақты жұмыс орындары құрылып, жоспар 161% орындалды.  2022 жылы «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық  жобасын жүзеге асыруға бюджет көздерінен 22 818,1 млн.теңге қаралып, 70,3 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланды. Осы уақытқа дейін нақты 97 910 адам жолданып, бекітілген жоспар 139,4% орындалды. 
Ұлттық жобаның бірінші бағыты аясында (Кәсіпкерлердің қажеттілігіне қарай дағдыларды дамыту) жалпы жергілікті бюджет есебінен 843 адамды қысқа мерзімдік оқуға жолдау жоспарланды. Оның ішінде 580 адамды жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес жұмыссыздарды оқу ұйымдарында оқыту, 263 адамды жұмыс орнында оқыту көзделді. 627 адам (74,4%) қысқа мерзімдік оқытуға жолданды. 
Сонымен қатар, enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 1 972 жұмыссызды онлайн оқыту жоспарланып, 1 893-і оқып сертификат алды. 
Ұлттық жобаның екінші бағыты (Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлікті қолдау) аясында 2022 жылы жалпы 60 652 адамды жұмысқа жолдау жоспарланып, нақты 66 905 азамат немесе 110,3%-ы жолданды. Оның ішінде 36 052 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жолдау көзделіп, нақты 37 291 адам немесе 103,4%-ы жұмысқа орналасты. 3 120 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, 1 081,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Нақты 3 482 адам (111,6%) қатысты. 
5 658 жас түлекті жастар практикасына жолдау жоспарланып, 6 417,7 млн. теңге қаралды. Нақты 7 189 адам (127,1%)  жіберілді.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына 396 жасты жолдау жоспарланып, Ұлттық қордан 440,1 млн. теңге қаралды. Жобаға нақты 672 адам  (169,7%) қатысты.  Биыл 12 мың адамды қоғамдық жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бюджет көздерінен 8 747,2 млн.теңге қаржы қаралды. Нақты 17 810 адам (148,4%) жолданды Зейнеталды жасқа дейінгі 552 азаматты «Күміс жас» жобасына жолдау жоспарланып, осы мақсатта Ұлттық қор есебінен 276,1 млн.теңге қаралды. Нақты 454 адам (82,2%) жолданды. Жергілікті бюджет есебінен 47 азаматты «Ұрпақтар келісім шарты» негізінде жұмысқа жолдау жоспарланып, нақты 7 адам  (14,9%) жолданды.
Ұлттық жобаның үшінші бағыты (Өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау) аясында 2022 жылдың 25 шілдесінен бастап «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 25 564 адам оқуда. Биыл жаңа-бизнес идеяларын дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіште 2 765 адамға 5 667,3 млн. теңгеге грант беру жоспарланып, нақты 2 921 адам грант алды. 
Статистикалық мәліметке сәйкес, 2022 жылдың IІ тоқсанының қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 5,1% (жоспар 5,2%, жұмыссыздар саны 42 190 адам, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9% (жоспар 4,5%), әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,7%-ды құрады. 

Әсия ТЕМІРБАЕВА,
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік 
бастамалар басқармасының басшысы.

Пікір қалдырыңыз