Сәкен Бибосынов күміс жүлдегер атанды


Сәкен Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуінде үндістандық Кумар Спаршты 4:1 есебімен жеңген-ді. Одан кейін түркістандық боксшы малайзиялық Кайюм Ариффинге еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Ал жартылай финалда жапониялық әлем чемпионы Томоя Цубоиды жеңіп, ақтық сынға шыққан.

Финалда Сәкен Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен шыққан. Бұл қарсыласпен Сәкен былтыр Белградта өткен әлем чемпионатының алғашқы кезеңінде кездескен. Онда қазақ боксшысының мерейі үстем болған-ды. Бұл жолы Хасанбой Дусматов басым болды.

Пікір қалдырыңыз