«Заң керуені» Жұлдыз аумағына бет алды

Халықтың мұң-мұқтаждарын барынша оңды шешуге және сапалы құқықтық көмек көрсетуге бағыттады.

4 қарашада көшпелі топ Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Жұлдыз аумағының Қаратөбе, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Бадам, Бадам-2 елді мекен тұрғындарына қабылдау жүргізуде. Көшпелі топты бастаған қала прокурорының  орынбасары Б.Мұхамеджан топтың құрамындағы құқық қорғау, мемлекеттік құзырлы органдардың өкілдеріне  халықтың мұң-мұқтаждарын барынша оңды шешуге және сапалы құқықтық көмек көрсетуге бағыттады. Өз кезегінде   аудан тұрғындары қолайлы мүмкіндікті пайдаланып, құзырлы мекемелердің табалдырықтарын аттап, уақыттарын жоғалтпау үшін, көшпелі топпен кездесуге асықты.
Пікір қалдырыңыз