115 ауыл оқушысы Шымкенттегі NIS-те IT дағдыларын дамыту семинарлар сериясынан өтуде


NIS-тің ауыл мектептерін дамыту жобаларын Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп жалғастыруда. Қарашаның алғашқы күні  Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы өңірлерінен “IQanat” білім беру бағдарламасының 115 қатысушысы  hackathon воркшоптарында бас қосты.

Төрт күнге созылатын семинарлар сериясының салтанатты ашылу жиынында Шымкенттегі NIS директоры Индира Исмаилова хакатон “IQanat” қорымен ынтымақтастықта ұйымдастырылғанын атап өтті.

– IT дағдыларды дамыту науқаны үшін біз мектебіміздің ең білікті информатика пәні ұстаздарын ұсынып отырмыз. Семинарда алған білімдеріңіз болашақта үлкен жобалар жасауға көмектеседі деген үміттемін, – деді мектеп басшысы.

NIS білім беру жүйесін еліміздің “флагманы” деп атаған “IQanat” қорының атқарушы директоры Камила Башарова өз сөзінде екі ұйым да бір мақсатқа жетуді көздейді деді:

 

Мен екі жақты ынтымақтастықтың жемісті және ұзақ мерзімді болғанын тілеймін. Себебі біздің мақсатымыз бір,  NIS-те ауылдық білім беруді қолдауға арналған тамаша жобалар бар және біздің де IQanat жобамыз ауыл оқушыларын қолдауға бағытталған. Менің ойымша, егер біз күш-жігерімізді біріктірсек, нәтиже одан да жақсы болады.

 

Қатысушылар үш курс бойынша міндетті оқытудан өтуде. Олардың бірі көшбасшылық қасиеттерді, екінші курс – IT-дағдыларды дамытуға, үшінші курс – математикалық қабілетті арттыруға бағытталған. Семинар барысында оқушылар армандарына қарай қадам жасады.

 

– Мен болашақта SMM маманы болғым келеді. Бұл сала бойынша мұғалім өте қызықты сабақ өтті. Ол біздің ойымызды сұрап, қиыншылықтар туындағанда көмектесті. Инстаграм желісінде жаңа парақша аштық, –  деді “IQanat”  қатысушысы Құралай Нұрмаханбет.

 

Пікір қалдырыңыз