Жер телімдері ел игілігіне қайтарылуда

Бұл туралы брифингте облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Алтынбек Мырзаев айтты.

«ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 28 наурыздағы тапсырмасына және ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Р.Склярдың хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында Түркістан облысы аумағынан 500 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару жоспарланды. Осы ретте жалпы сот және тексерулер арқылы бүгінгі таңда 315,6 мың гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 313,5 мың гектары – жайылым, ал, 2,1 мың гектары – егістік жер» деді Алтынбек Әбдіқайымұлы.
Спикердің сөзінше, департаментпен осы жылдың 8 айында 26 субъектіге тексеру жұмыстары жүргізілген. Осы ретте заңбұзушылықтар анықталып, 2 712 510 теңге айыппұл салынған. Жер заңдылығының бұзылуын жою туралы 31 нұсқама (31 жергілікті атқарушы органдардың қабылдаған шешімдерін жою туралы) берілген. Сондай-ақ, 74 жер иелері бойынша көлемі 2 857 гектар жерді қайтару жөнінде  сотқа талап-арыз берілген. Сот шешімімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 7 жер иелерінің көлемі 541,4 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған. 
Айта кетейік, аудан, қала әкімдіктерімен 2021-2022 жылдары аралығында алаңы 66 663,4 гектар жер телімдеріне 123 конкурс өткізілді. Бәйдібек, Шардара аудандары мен Кентау қаласында 31 жер телімі (2 742 га) заң талаптарын бұза отырып, табысталғандығы анықталды. Осы орайда аудан, қала әкімдеріне нұсқамалар берілді. 
Пікір қалдырыңыз