Жергілікті әскери басқару органдарының күні аталып өтті

«Farab Library» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «жергілікті әскери басқару органдары күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті.

«Farab Library» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «жергілікті әскери басқару органдары күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті.
 
Салтанатты шараға Түркістан облысы жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, облыс әкімінің орынбасары, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери іс-қимыл ардагерлері мен интернационалист-жауынгерлер, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілері және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті әскери кафедрасының студенттері қатысты.
Іс-шара жергілікті әскери басқару органдарының қалыптасуы мен дамуының тарихи жолы туралы бейнеролик көрсетуден басталды.
Жиналғандарды Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев мерекемен құттықтады. Ол жергілікті әскери басқару органдарының азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу, әскерге шақыруға дейінгі жастарды кәсіби бағдарлау және әскери қызметтің беделін насихаттау мәселелеріндегі жетістіктерін атап өтті.

- Осы уақыт ішінде біздің қызметіміздің барлық бағыттары бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Мәселен, Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдары құрылған сәттен бастап өткен 4 жыл ішінде Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар қатарына 16 мыңнан астам әскерге шақырылушыны жөнелтті. 3 жыл бойы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілері «Айбын» республикалық жастар жиыны аясында жүлделі орындарға ие болып, үздік нәтижелер көрсетуде. Әрине, осының бәрінде жергілікті атқарушы органдардың қолдауы үлкен рөл атқарады. Тек бір байламда ғана бізде жетістік болады, - деп атап өтті қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев өз сөзінде.

Құттықтау сөздерінен кейін жиналған ардагерлер мен облыстың жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы алғыс хаттармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Салтанатты шара Түркістан қаласы мәдениет үйінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.
 
Пікір қалдырыңыз