Созақта қорғаныс істері бөлімінің жаңа ғимараты ашылды

Сапар барысында қала басшысы жеке құраммен және комиссариат ғимаратының қазіргі жағдайымен танысты.

Түркістан облысы, Созақ ауданының қорғаныс істері бөлімінің жаңадан салынған ғимаратының ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды, қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дюсебаев, аудандық ардагерлер кеңесі мүшелері, “Жас Сарбаз” әскери патриоттық қозғалысының тәрбиленушелері қатысты.
Аудандық жинақ пунктінің қызметін атқарат бұл ғимаратта 1 қыркүйектен басталған күзгі әскерге шақыру науқаны аясында аудан жастарының алғашқы медициналық зерделеуінен өтуі үшін барлық жағдайлар жасалған және медициналық комиссия мүшелері тағайындалып, шақыру комиссиясысы құрылған.

Сапар барысында облыс басшысы жеке құраммен және комиссариат ғимаратының қазіргі жағдайымен танысты.
Іс – шара аясында облыс әкімі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұжымын биыл алғаш рет елімізде 12 қыркүйекте “Жергілікті әскери басқару органдары күні” ретінде аталып өтетін мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, ол әскеріміздің ел егемендігін сақтаудағы ерекше маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара Созақ ауданының жас патриоттарының жарқын өнері мен қойылымдық көріністерімен жалғасты.
Пікір қалдырыңыз