Тарихпен танысты, дәстүрге ой жіберді

Өңіріміздегі түрлі этнос өкілдері «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы аясында Түркістан қаласындағы музейлерді аралап, ондағы жәдігерлермен танысты. Аталған іс-шараға облыстағы этномәдени бірлестік өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері және облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері қатысты. Олар рухани шаһардағы Н.Оңдасынов, Н.Төреқұлов және С.Ерубаев атындағы музейлерге экскурсия жасады. Одан кейін «Ұлы Дала елі» орталығындағы тарихи жәдігерлерді тамашалады. 

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында: «Біз ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз» деген болатын. 

«Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы еліміздегі этностар арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін дәріптеуге бағытталған. Бұл елді біріктіретін ұлттық бірегей жоба болып табылады. Аталған шара барысында өңіріміздегі түрлі этнос өкілдері бірнеше музейге барып, білім көкжиектерін кеңейтіп, көптеген тың деректерге қанық болды, – деді «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Е.Баетов.

Іс-шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, естелікке суретке түсті.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз