Түлектердің қамқорлығы

Бүгінде Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының ауласына түлектер демеушілігімен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл түлектердің өз мектептеріне жасаған қамқорлығы.

– Келес ауданындағы Ө.Жә­нібеков атындағы мектеп-гимназияда елімізге қызмет етіп жүрген белгілі азаматтар білім алған. Қазіргі таңдағы ең өзекті проблемалардың бірі – балалардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасау. Сондықтан оқу ордасында жасалып жатқан қолдауға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіруде. Демеушілерге өз атымнан да жеке алғыс айтқым келеді. Ауданымыздың басқа түлектері де білім ордаларына осындай қолдау көрсетсе, – дейді аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев. 

Айта кететін жәйт, биыл Келес ауданындағы 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған қосымша жаңадан тағы  3 мектеп  бой көтеруде. 

Г.АЙХОДЖАЕВА. 

Пікір қалдырыңыз