Жол сапасын бақылау күшейеді

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздегі автокөлік жолдарының сапасы сын көтермейтіндігін, сонымен қатар, жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны туралы айтқан болатын. Осыған орай автомобиль жолдарының сапасына бақылауды күшейтуге бағытталған кешенді жоспар әзірленді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімдемесіне сүйенсек, бүгінде автожол саласына қатысты бірқатар проблема орын алып отыр. Сол проблемалардың бірі – жол құрылысы материалдарының тапшылығы мен олардың бағасының қымбаттауы. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың аздығы және тағы басқа түйткілдер бар. Осы аталған мәселелерге байланысты жобаның смета құжаттамасы құнының өсуі байқалып отыр. Салдарынан жобаны іске асыру мерзімі ұзаруда. 

«Осы орайда автомобиль жолдарын жөндеу және салу сапасын бақылауды күшейту, жол-құрылысы саласындағы проблемаларды жою мақсатында министрлік халықаралық тәжірибелерге, ғылыми әрі практикалық ұсынымдарға талдау жасады. Бұл тұрғыда кешенді жоспар әзірленді және құжатты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бекітті» делінген министрлік мәлімдемесінде. 

Пікір қалдырыңыз