Шардараның шарболаттай жігіттері бүкіл қазақтың, тұтас Қазақстанның абыройын аспандатты

Түркия елінің Ыстамбұл қаласында бүкіл қол күрес әлемі асыға күткен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек өз мәресіне жетті. East vs West турниріне Түркістан өңірінің спортшылары да қатысты. 

Аталған сайыста Қазақ елінің атынан алғашқы жекпе-жекке шыққан Сарыбай Ердәулет қарсыласы – Түркия өрені, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Юсуф Илдызоглыны 3:0 есебімен жеңді.
Ал, жарыстың ең басты сайысы тағы бір шардаралық өрен Қыдырғали Оңғарбаев пен америкалық атақты қол күрес шебері, әлемнің 26 дүркін чемпионы Джон Брзенк арасында өтті. Аса тартысты жекпе-жекте жерлесіміз қарсыласын 3:1 есебімен жеңіп, еліміздің абыройын аспандатты. 
Қыдырғали – даңқты бапкер Арман Қарсыбаевтың шәкірті. Шардараның қыраны бұған дейін әлемнің және Азияның бірнеше дүркін чемпионы атанған. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз