Түркістан облысы әкімі Ө.Е.Шөкеевтің Келес ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген мәселелер бойынша іс- шаралардың орындалуы туралы

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы
(ЖАО құрылымдық бөлімшесі)

Аяқтау нысаны

Орындалуы

(3 ай қорытындысы)

1.         

Келес ауданының орталығы Абай ауылынан тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін беру мәселесін назарға алып, жер учаскелерінің берілуіне ықпал жасасаңыз.

(Келес аудандық мәслихат депутаты, Абдиев Диас Нұрланұлы Тел: 87771225995)

 

Келес ауданының орталығы Абай ауылынан тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін беру.

(Тұрғын үй салу және қосалқы шаруашылық жүргізу үшiн Абай ауылынан берілетін 96 га жерге инфрақұрылым жүргізу (электр желілерін тарту, жол салу т.с.с) жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айында аяқталып, ауыл тұрғындарына тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін беру жоспарлануда).

Жыл соңына дейін.

 

 

Келес ауданы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Өңдірістік кестеге сәйкес, қазіргі таңда 55,0 га жерге 512 тірек (столб) қойылды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталып, кезекте тұрған

500-ге жуық азаматтарға кезең-кезіңмен жер учаскесін беру жоспарлануда.

2.         

Келес ауданы аумағынан өтетін «Саңырау» каналы бойында тұрамын, каналдың тозығы жетіп, лай мен ұйыққа толып тұр. Егістік алқабымызға ағын су толық келмейді. Ендігі үмітіміз өзіңізде,  каналды тазалап немесе бетондап беруіңізді  сұраймын.

(Келес ауданы, Бірлік а/о, Бірлік е/м тұрғыны Сулейменов Анарбай Тел: 87023607234)

Келес ауданы аумағынан өтетін «Саңырау» каналын тазалау немесе бетондау мәселесі.

(«Саңырау» каналының жалпы ұзындығы 37,9 шақырымды құрайды. 2018 жылы «Саңырау» каналының 18 шақырымына күрделі жөндеу және бетонмен қаптау жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткен. Жалпы құны 1 108,1 млн. тг. Қазіргі таңда, жобалық - сметалық құжаттаманың мерзімі өтуіне байланысты, қайта түзетуге (корректировка) ұсынылды. Келесі жылы аталған каналды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда).

 

Желтоқсан

2023 жыл

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Келес ауданы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қазіргі таңда, жобалық - сметалық құжаттаманың мерзімі өтуіне байланысты, қайта түзету (корректировка) жұмыстарын жүргізу үшін салалық басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылған. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жылы Саңырау каналында орналасқан тозығы жеткен шлюздерді ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалық сметалық құны – 4,258 мың теңге. Мердігер мекеме – ИП «Ахметов Д.К.»

3.         

Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округінің елді мекендерінің ішкі көшелерін жөндеуден өткізуге ықпал етсеңіз.

 (Келес ауданы, Жамбыл а/о тұрғыны Сахов Ынтыкбай Тел: 87757994722)

Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округі Ащыкөл елді мекені Құрманғазы көшесіне ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізу.

(Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округі Ащыкөл елді мекені Құрманғазы көшесіне сметалық құжаттамасы 2020 жылы әзірленген. Жалпы сметалық құны – 7443,1 мың теңге. Көшенің жалпы ұзындығы – 1,4 шақырым. 2022 жыл соңына дейін ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда).

Желтоқсан

2023 жыл

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Келес ауданы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Жамбыл ауылдық округі Ащыкөл елді мекені Құрманғазы көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған көшелер 2023 жылы жоспарға сәйкес жөнделетін болады.

4.         

Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі Көкбұлақ елді мекені Ақниет-2 көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетсеңіз.

 (Келес ауданы, Ақтөбе а/о, Ақниет көшесі тұрғыны Жанкельдиева Алия Шынтемировна  Тел: 87051107296)

Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі Көкбұлақ елді мекені Ақниет-2 көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу.

(Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі Көкбұлақ елді мекені Ақниет-2 көшесіне сметалық құжаттамасы 2020 жылы әзірленген. Жалпы сметалық құны – 8372,71 мың теңге. Көшенің жалпы ұзындығы – 0,6 шақырым. Ағымдағы жылы орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда).

Жыл соңына дейін

Келес ауданы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Ақтөбе ауылдық округі Көкбұлақ елді мекені Ақниет-2 көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталды.

5.         

Аудан көлемінде жаңа құрылысты қажет ететін мектептер бар, осы құрылыстарға көңіл бөлінсе?

(Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны, аудандық ата-аналар комитеті төрағасы, Асқаров Абдижалил Тел: 87021990047)

Аудан көлемінде құрылысын қажет ететін мектептер жөнінде.       

(Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі, Бесқұбыр елді мекеніндегі №77 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепке 300 орындық оқу корпусы, асхана, спрот зал құрылысына ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігер мекеме анықталған. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың маусым айында бастау жоспарлануда. Нысан 2023 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Жуантөбе елді мекенінен  300 орындық мектеп құрылысы және Біртілек ауылдық округі, Біртілек елді мекенінен  300 орындық мектеп құрылысы үшін 2018 жылы жобалық сметалық құжаттамалары әзірленген. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттамалардың мерзімдері өтуіне байланысты  жобалық сметалық құжаттамаларға қайта әзірлеу (корректировка) жұмыстары жүргізілуде. Қайта әзірлеу жұмыстарын қорытындысы алынған соң және тиісті қаражат бөлінген жағдайда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.)

2023-2025 жж

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қазіргі таңда ауданда 3 мектептің құрылысы жүруде. Ауданның даму жоспарына сәйкес 2023-2025 ж.ж.
13 мектептің құрылысы жоспарлануда.

6.         

Қошқарата а/о, Бесқұбыр елді мекенінде емхана құрылысын жүргізуге ықпал жасасаңыз.

(Келес ауданы, Қошқарата а/о, Бесқұбыр елді мекені тұрғыны Куанышбаев Есберген

Тел: 87783261996)

Қошқарата а/о, Бесқұбыр елді мекенінде емхана құрылысын жүргізу.

(Қошқарата а/о, Бесқұбыр елді мекенінде емхана құрылысын жүргізу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалған. Жобалық-сметалық құжаттарын жасау үшін тиісті қаржы көздері қарастырылуда. Жобалық-сметалық құжаттары аяқталған соң, тиісті қаржысын бөлдіруге ұсыныс енгізілетін болады).

2023-2025 жж

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Келес ауданы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Әзірленген СЖТ (АПЗ) құжаттар облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ЖСҚ әзірлеу үшін өткізілген

7.         

Келес ауданындағы Ұшқын ауылдық округіне қарасты, Қоралас және Достық елді мекендеріне табиғи газ кіргізіп беруіңізді сұраймын.

(Келес ауданы, Ұшқын а/о биі Полатов Тасбау Тел: 87789744587)

Келес ауданындағы Ұшқын ауылдық округіне қарасты, Қоралас және Достық елді мекендеріне табиғи газ кіргізу.

(Ұшқын ауылдық округінің Достық және Қоралас елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін, сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленген. Жобалаушы мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Жобалық сметалық құжаттамасы аяқталған соң, тиісті қаржысын бөлдіруге ұсыныс енгізілетін болады).

Желтоқсан

2023 жыл

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Келес ауданы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қазіргі таңда ЖСҚ құжаттары әзірленуде. Жобалаушы мекеме – «МК-ПроектСтрой» ЖШС-і. ЖСҚ әзірлеуге 12,2 млн теңге қаралған. ЖСҚ-ны ағымдағы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда. Аталған жұмыстар аяқталған соң, тиісті қаржы бөлдіруге ұсыныс енгізілетін болады.

8.         

Біраз жылдан бері диханшылықпен айналысамын,  5 гектар жерім бар. Жылда су тапшылығы үлкен мәселе. Өткен жолы келгенде «Ақылбексай» су қоймасына барған екенсіз, сол су қоймадан біздің ауылға су беру мәселесін қарастырсаңыз.

(Келес ауданы, Ошақты а/о тұрғыны Абдраманов Тазабек Тел: 87074545124)  

«Ақылбексай» су қоймасынан ауылға су беру мәселесі.

(«Ақылбексай» су қоймасы 1987 жылы пайдалануға берілген. Су қоймадан «Саңырау» каналына құятын каналдың ұзындығы 8,95 шақырым. Су қоймадан шығатын каналды күрделі жөндеуден өткізу үшін «Оңтүстік сушар жоба» өндірістік бөлімшесі мамандары геодезиялық өлшеу жұмыстарын атқарып, қазіргі таңда, жобалық - сметалық құжаттары әзірленуде).

 

Желтоқсан

2023 жыл

Ауыл  шаруашылығы басқармасы

 

 «Казсушар» РМК-ның Түркістан филиалы

 

Келес ауданы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Су қоймадан шығатын каналды күрделі жөндеуден өткізу үшін «Оңтүстік сушар жоба» өндірістік бөлімшесі мамандары геодезиялық өлшеу жұмыстарын атқарып, жобалық - сметалық құжаттары әзірленді.

Қазіргі таңда, каналды қалпына келтіру мақсатында, мердігер мекемені анықтау үшін, мемлекеттік сатып алу порталына енгізілді. Жөндеу жұмыстарының аяқталуы қараша айында жоспарлануда.

Пікір қалдырыңыз