«Канело» бапкерлерін ауыстырды

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жек алдында бапкерлерін ауыстырды. Айта кетейік, Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп қалған болатын. Осы жеңілістен кейін бапкерлерін ауыстыруға бел буыпты.
Атап айтар болсақ, «Канелоның» физикалық дайындығы бойынша бапкері Мунир Сомойя қызметінен кетті. Сонымен қоса Эдди Рейносоның оң қолы болып жүрген Замир Лозано да мексикалықтың командасымен қош айтысты.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған. Бұл айқас Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. 
Пікір қалдырыңыз