Азия чемпионаты жалауын желбіретеді

Осы аптада Нұр-Сұлтан қаласында дзюдодан Азия чемпионаты жалауын желбіретеді. Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде «сары құрлық» балуандары жарыс көрігін қыздырмақ. 
Жарысқа «сары құрлықтың» 30 елінен 400-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл жарысқа  Олимпиада ойындарының 2 жүлдегері, әлем чемпионатының 7 жүлдегері қатысады. Атап айтар болсақ, Токио жазғы Олимпиадасының қола жүлдегері моңғолиялық Цэнд-очир Цогтбаатар бақ сынайды. Сонымен қатар Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері тайваньдық Ян Юнвэй Нұр-Сұлтан татамиіне де бақ сынап көрмек.
Біздің елге келетін әлем чемпионаттарының жүлдегерлері қатарында оңтүстіккореялық Ким Вон Жин, жапониялықтар Оно Иоко, Кога Вакана, Риужу Нагаяма, моңғолиялық Ёндонпернлэй Басхүү бар. Сонымен қатар әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық дзюдошылар да осы жарыста бақ сынайды. Атап айтсақ, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев пен 73 келіде Ерлан Серікжанов құрлық мықтыларымен сынға түседі.
Пікір қалдырыңыз