Еуропа жазға сенсе де, газға сенбейді

Баян ДАРҒОЖИНА, «Ońtústik Qazaqstan».

Қыстың қамын жаз ойла» деген бар. Әне-міне дегенше жаз да жартысынан ауды. Жылыту маусымына осы бастан дайындалған дұрыс. Қазақстанда «кәрі құданың» қаһарына төтеп беру үшін жан-жақты дайындықты қажет ететін өңірлер аз емес. Ол аймақтардағы қыстың алты айға ұласатын кездері де бар. Алты ай қыстың ақ бораны мен сарышұнақ аязы бейқамдықты көтермейтіні тағы белгілі.

Алайда, әлемде экономикалық дағдарыс етек алды. Алдағы қыс маусымы әсіресе, Еуропаны қыспаққа алатын түрі бар. Бұған басты себеп – Украина мен Ресей қақтығысына байланысты Еуропаға газ тасымалын тоқтату. Сондай-ақ, инфляция деңгейі де өсуі мүмкін. Еуроодақ Кремльге қарсы 6 рет санкция қабылдады. Барымтаға қарымта ретінде Ресей Финляндия, Польша мен Болгарияға газ жеткізуін  мүлде доғарды.
Оның үстіне екі ел арасындағы шиеленіс салдарынан  әлемді қымбатшылық жайлап барады. Мысалы, Еуропада азық-түлік пен жанар-жағармайдың бағасы аспандап кетті. Испанияда да  мұнай мен газдың бағасы әбден шарықтаған. Аймақта электр жарығы екі есе қымбаттады. Қымбатшылықтан елде инфляция деңгейі өскен. 
Ресейдің өзінде де жағдай мәз емес. Экономикалық санкциялардың салқыны барлық салада айқын сезіледі. 
Халықаралық сарапшылар, саясаткерлер, саясаттанушылар, блогерлер Украинадағы соғыс жыл соңына қарай аяқталуға тиіс деп отыр. Бүгінгі таңда жазғы саяхат маусымы басталғанымен, күн сайын өршіп бара жатқан инфляция мен азық-түлік тапшылығы жұртты еш уайымсыз, алаңсыз демалдырар емес. Тынығып оралған күнде де оларды алыс елдегі соғыс емес, бірінші кезекте әр ізі сықырлап таяп қалған беймаза қыстың қамы, жылыту маусымы, қымбатшылық алаңдататынын айтады сарапшылар. 
Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстың әсерін ең алғашқылардың бірі болып Қазақстан экономикасы сезінді. Тіпті қақтығыс басталмай жатып, теңгеміз әлсіреп кетті. Қайткенмен де әлемдегі геосаяси жағдай ұлттық валютаға әсер етпей қоймайды.  Теңгенің құнсыз болуы сыртқа шығатын мұнай мен алтынды сатушыларға пайда әкелгенімен, сырттан келетін тауарларды, керісінше, қымбаттатып жібереді. Бұл өндіріс пен халыққа тікелей әсер етеді. Азық-түлік те қымбаттайды.
Біздің елдегі тауар айналымының 40 пайызының жақын көрші әрі серіктесіміз Ресеймен кіндігі байланған. Көп тауар мен шикізат Ресей арқылы өтеді. Ендеше, Ресейге салынған санкцияның біздің елдің экономикасына әсер ететіні сөзсіз, әсіресе, тауар тасымалдау, логистика сияқты салалар қатты зардап шегеді.
Ал, доллардың қымбаттауы салдарынан біздің елде тауар қымбаттайды.  Кез келген экономиканың негізі – тұрақтылық екенін айтады мамандар.
Жаһандық теңгерім бойынша Ресей әлемдік мұнай тұтынудың шамамен жеті процентін экспорттайды (мұнай және мұнай өнімдері арқылы). Оның үштен бірі Азияға, негізінен Қытайға жеткізіледі. Құрлықтық құбыр желісі жеткізулері бойынша логистикаға байланысты Еуропаға да ресейлік мұнайдан бас тарту қиынға соғады. Яғни гипотеза түріндегі санкциялар барлық мұнай көлеміне емес, шамамен жаһандық тұтынудың екі-төрт процентіне қатысты болуы мүмкін.
Ал, газға қатысты ахуал мұнай саласындағы жағдайға қарама-қайшы. Біріншіден, жанармай толығымен газ құбырлары арқылы жеткізіледі. Еуропаның газ бойынша Ресейге тәуелділігі 30-40 процентті құрайды. Газ – бұл жылу мен ыстық суға қол жеткізу, электр энергиясын өндіру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды пайдалану деген сөз. 
Сарапшылар 2022 жылы Еуропадағы газ бағасы төмендеуі екіталай екенін айтуда. Нарық қатысушылары «көгілдір отынның» құны мың текше метр үшін 800 доллар деңгейінде  2023 жылдың көктемінің басына дейін сақталады деп болжайды.
Еуропада газ бағасының айтарлықтай өсуі 2021 жылдың көктемінен басталды, сол кезде TTF хаб индексі бойынша споттың орташа бағасы мың текше метр үшін 250-300 доллар аралығында болды. Жаздың соңында «бір күн алға» жеткізу келісімшартының құны 600 доллардан асты, ал, қазан айының басында 1000 доллар болды. Фьючерстер нарығындағы тарихи максимум 2190 долларға 21 желтоқсанда жетті. Содан кейін баға белгілеу түзету арқылы төмендеді, бірақ, тұтастай алғанда 1996 жылдан бастап Еуропадағы газ хабтарының жұмыс істеу тарихында мұндай тұрақты жоғары бағалар болған емес.
Сарапшылар бағаның өсуін бірнеше факторлармен байланыстырады: Азиядағы сұйытылған табиғи газға (СТГ) жоғары сұраныс, негізгі жеткізушілердің шектеулі ұсынысы және 2021 жылдың ұзақ суық қысы мен ыстық жазынан кейін еуропалық жер асты қоймаларын толтырудың төмен деңгейі.
Жалпы, Еуропада жылыту маусымы аяқталғанда газ тұтыну біршама төмендейді. Ал, енді алдағы жаңа жылыту маусымына дайындық қалай боларын әзірге ешкім білмейді. Себебі, газ нарығында рекордтық газ тапшылығы күтілуде. Отынға деген сұраныс жылдың екінші жартысында Еуропа мен Қытайдың арқасында күрт өсуі мүмкін. Яғни биыл қыста энергетикалық дағдарыстың күшейіп, бұрын-соңды болмаған газ тапшылығы болатыны болжануда. Әсіресе сұйытылған газ (СТГ) тапшы болады. Еуропа жыл соңына дейін Ресей газының импортын 60-65%-ға қысқартуға ниетті. Сұйытылған газға сұраныстың күрт артуы ол үшін бәсекелестіктің күшеюіне әкеледі. Сонымен қатар, жылдың екінші жартысында Қытай нокдаундардан шыға бастайды, нәтижесінде газға сұраныс бұрынғыдан да артады.
Әдетте СТГ импорттаушылары жазда қысқы маусымға дайындала бастайды және газ қорын жасайды. Мәселен, Оңтүстік Корея мен Жапонияның коммуналдық компаниялары бүгінде алдағы жылыту маусымына дайындықты бастап кетті.
Сұйытылған газ барлығына жетпейтіні анық. Газ тапшылығы тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін электр энергиясына сұранысты да, бағаны да күрт арттырады және онсыз да жоғары инфляцияны туындатады. Сонымен қатар, мұндайда ең қатты зардап шегетін қашандағыдай ең кедей елдер болады.
Оңтүстік Кореяда өткен Дүниежүзілік газ конференциясының күн тәртібіне қойған басты мәселесі сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті шешу еді.
«RYSTAD Energy»-дің болжамы бойынша 2022 жылы СТГ-ға жаһандық сұраныс 436 млн. тоннаға жетеді, ал, ұсыныс тек 410 млн. тоннаны құрайды. Сараптама нәтижесі сұраныстың күрт өсуі онжылдықта рекордтық жаңа жобалардың пайда болуына себеп болғанын, бірақ, олардың басым көпшілігі 2025 жылдан ерте газ бере бастайтынын атап өтті.
Қазір трейдерлер сұйытылған газды азиялық сатып алушыларға тасымалдайтын газ тасымалдаушыларды Еуропаға бағыттауға тырысуда, мұнда тауарды жоғары бағамен сатуға болады. Германия қазір шұғыл түрде американдық газды қабылдау үшін өзгермелі СТГ терминалдарын салуда. Біріншісі осы жылдың соңында жұмыс істей бастайды. Алайда, бұған дейін энергетикалық дағдарыс күшейіп, Үндістан мен Пәкстан сияқты дамушы елдер одан көп зардап шегеді.
Мамандардың айтуынша, жаһандық газ секторында бос өндіріс орындары жоқ. Қолда бар газ үшін Еуропа мен Азия арасында бәсекелестік өршуі ықтимал.
Айта кету керек, Украинада Ресей әскерлерінің арнайы операциясы басталғаннан кейін бірден Еуропадағы газ бағасы рекордтарды жаңартты, бірақ, наурыз-сәуір айларында баға аздап төмендеді. Алайда,  қазір жылдың осы уақытындағы орташа деңгейден әлдеқайда жоғары. Күзде және қыста баға бұдан әлдеқайда жоғары болады.
Көптеген мамандар газ нарықтарындағы жағдай Қытайдағы газға деген сұраныстың бұрынғы деңгейіне қаншалықты тез оралатынына байланысты болады деген пікірмен келіседі.
Қазір әлемдегі ең ірі СТГ импорттаушысы бірнеше айдан кейін спот нарығында газ сатып ала бастайды. Әзірге, қытайлық компаниялардың көпшілігі нокдаунның жойылуын күтіп, нарыққа оралуға асықпайды. Экономистер жылдың екінші жартысында олардың белсенділігінің күрт өсетінін айтады.
«Иә, Еуропада СТГ-ға жоғары сұраныс айқын. Бірақ, қыста нарықтардағы жағдай әлі де нашарлайды, ал, Еуропа мен Солтүстік Азиядан келген сатып алушылар газ үшін күресуге мәжбүр болады» деп отыр сарапшылар,
Проблемалар күрделі, оларды шешу оңай емес. Сұйытылған газды тасымалдау үшін алдымен оны табу керек екенін ұмытпау керек. Ресейлік газдың үштен бірін ауыстыру үшін кем дегенде қажетті көлемде бос сұйытылған газ аз, бұл шамамен 50 миллиард текше метр. Америкадан СТГ экспортын ұлғайту мүмкіндіктері өте шектеулі, американдықтар қазірдің өзінде рекордтық газ жеткізеді. СТГ-ның тағы бір ірі жеткізушісі  Катар  2025 жылға дейін оның көп немесе аз көлемін жеткізе алады. Бұл таяудағы үш жылда Еуропа мен негізінен Азия арасындағы СТГ үшін өте қызу бәсекелестік болатынын білдіреді.
Пікір қалдырыңыз