Үрзада Айтөреева – «Қазақстанның құрметті журналисі»!

«Оңтүстік Қазақстан» газетінде ұзақ жыл жемісті қызмет атқарған Үрзада Айтөреева Қазақстан Журналистер одағы басқармасының шешімімен «Қазақстанның құрметті журналисі» атағына ие болды.
Ү.Айтөреева зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін редакцияның ішкі жұмыстарының айтулы ұйымдастырушысы болды. Қандай бір шара болса да Үрзада апай қыздардың көшбасшысы ретінде алдыңғы сапта жүретін. Сол сүйікті апамыз әлі де саптан шыққан жоқ. Бүгінде ол облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары ретінде қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүр. 
Біз Үрзада апамызды құрметті атағымен құттықтап, оған зор денсаулық, отбасына амандық тілейміз!
Қолыңыздан қаламыңыз түспесін, Үрапа!

«Оңтүстікқазақстандықтар».
Пікір қалдырыңыз