Өкініш қателікті түзей алмайды

2021 жылдың 10 желтоқсанында Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылында қайғылы оқиға орын алған. Нақтырақ айтсақ, А. есімді жас келіншек енесімен сөзге келіп қалады. Ашу дұшпан емес пе, ол үш айлық қызымен бірге өзін Келес өзеніне тастамақ болады. Теріс ойын іске асыруға бел буған А. қолындағы сәбиімен өзенге түсіп, судың тереңдігі мойнына жеткен жерде бірнеше минут тұрған. Сосын ойынан айнып, қайтадан жағаға шыққан. Бірақ, бұл уақытта нәресте жан тапсырып қойған еді...
Ал, полицейлер бұл істі «Адам өлтіру» бабы бойынша тіркеп, облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы 22 жастағы келіншекке қатысты шешім шығарды. Жас ана өз ісіне қанша өкінгенімен, заңның аты – заң. Үкім күшіне енсе, бейбақ ана 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылады. 

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз