ТҮРКІСТАНДЫҚ СУРДОФУТБОЛШЫЛАР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында ҚР чемпионаты өтті. Өскемен қаласында 5-10 маусым аралығында жалғасқан тартысты жарысқа еліміздің үздік командалары бақ сынады. Ала доп додасында Түркістан облысының спортшылары II орынға қол жеткізді. 

«Жаттығу өз нәтижесін берді. Рас, есту қабілеті бұзылған спортшылар болғанымен командалық түсінісудің арқасында финалға дейін жеттік.  Соңына дейін күрестік. Сәтін салса ел чепионатының жүлдегері атанатын күн алыс емес»,- деді команда бапкері. 

Бұған дейін үздік үштіктің сапына енуге талпынған футболшылардың жатықтырушысы — Мақсат Елеусізов. Облыс намысын қорғаған теңбіл допшылар — Түркістан облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының сайыпқырандары. 

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ. 

   
Пікір қалдырыңыз