ТАҢДАУ ТИЯНАҚТЫ!

Ел азаматы ретінде шешуші кезеңге қатысқанымды мақтаныш тұтамын

Кеше еліміздің рəміздер күнің тойлаған едік, бүгін ерекше шаттықпен ояндым.

Өйткені, бүгін жаңа Қазақстан тарихындағы ерекше күн! Сол көтеріңкі күймен дауыс беру учаскесіне таңертең ерте келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс бердім.
Референдумға жұртшылық көп жиналыпты.Олармен пікірлескенде саяси науқанның ерекшеліктері туралы кеңінен білетіндеріне сүйсіндім.  Осыдан кейін еліміздің саяси- əлеуметтік, экономикалық- тұрмыстық өмірлерінде елеулі оқиғалар болатынына сенім зор. Бұл- бүкіл қазақстандықтардың жарқын болашағы үшін жасалып жатқан игі қадам.Сондықтан біз Ата Заңға енгізіліп жатқан өзгерістерді толық қолдаймыз.

Ел азаматы ретінде шешуші кезеңге қатысқанымды мақтаныш тұтамын. Қазақстан гүлденіп, одан əрі қарыштап дами берсін!

Ерсұлтан ƏМІРБЕК,
Шымкент қалалық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы.
Пікір қалдырыңыз