БЕЛСЕНДІЛІК БАЙҚАЛДЫ

Бүгін елімізде көпшіліктің көптен күткен референдум өтіп жатыр.

Бүгін елімізде көпшіліктің көптен күткен референдум өтіп жатыр. Ел Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға енгізілетін толықтырулар мен өзгерістерді бүкілхалықтың талқысына шығарып отырғанын көпшіліктің қолдағанын көрдік.

Мен бүгін мекенжайым бойынша тіркелген учаскеме келіп, халықпен бірге өз таңдауымды жасадым.

Мұнда келгенде басты байқағаным- жиналған жұртшылықтың белсенділігі мықты! Өзіміздің жəне бүкіл ел азаматтарының таңдауы келешегімізге жол ашып, мемлекетімізді нығайта түсеріне сеніміміз зор.

Шəріпбек ЖАМАЛБЕКОВ
қоғам қайраткері.
Пікір қалдырыңыз