ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН ТУҒАН ЖЕРДІҢ!

Ата Заңымыз адамдардың еркіндігі мен бейбіт өміріне кепіл болып, жасай берсін!

Ата Заң- Қазақстанның əрбір тұрғынының өмір сүру салты, кепілі. Қандай да бір жағдайда қоғам мүшесі Ата Заңға сүйенеді, одан тірек табады.Сондықтан Ата Заңның тұғырлы да тиянақты болмағы керек.

Біз Ата Заңға енгізілер толықтырулар мен өзгерістер еліміздің ертеңіне елеулі өзгерістер əкелетініне бек сенімдіміз.
Сондықтан да əдеттегідей мекенжайым бойынша тіркелген учаскеге келіп, дауыс бердім.

Учаскеге келіп жатқан адамдардың қарасы қалың. Осының өзі халықтың Ата Заңға деген құрметін көрсетсе керек!
Туған жердің тұғыры бұдан да биіктей берсін!

Ата Заңымыз адамдардың еркіндігі мен бейбіт өміріне кепіл болып, жасай берсін!

Жеңісбек МƏУЛЕНҚҰЛОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Пікір қалдырыңыз