Бір күміс, екі қола

Талдықорғанда жүзуден жастар арасында ел біріншілігі өтті. Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 190 спортшы қатысты. Төрт күнге созылған біріншілікте Түркістан облысының су спорты түрлерінен ОРМБЖСМ жүзушілері 3 медальға ие болды.
Талантты спортшы Дариға Тоқтабаева 200 метрге брасс әдісімен жүзуден күміс жүлде еншілесе, 200 метр қашықтықта кешендік жүзуде қола жүлдегер атанды. Ал, Дарья Васильченко 400 метр қашықтықта қола медальға қол жеткізді.
Спортшыларды жарысқа Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Александр Смолеев пен Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Жанас Шалдарбеков дайындады.

«Оңтүстік»-ақпарат.
Пікір қалдырыңыз