Фестиваль өз мәресіне жетті

Ысқақ САДЫҚ, «Ońtústik Qazaqstan».

Түркістан қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған мәдениет және өнер саласының ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2022»  фестивалі өз мәресіне жетті. 
Байқауға төрелік еткен қазылар алқасы еліміздің 17 өңірінен келіп түскен кітапхана саласы бойынша – 125, мәдени ойын-сауық саласы бойынша – 87, музей саласы бойынша 73 өтінімді сарапқа салды. «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында бір апта бойы өткен байқаудың нәтижесі анықталып, фестивальдің 44 жеңімпазы салтанатты түрде марапатталды.
Марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қатысып, фестивальге қатысушылар мен барлық мәдениет, өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Фестиваль жеңімпаздарын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, қазылар алқасының төрайымы Бақытжамал Оспанова, «Бозоқ» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, қазылар алқасының төрайымы Сәуле Бөрібаева, «Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының төрағасы Жеңіс Сейдуллаұлы, дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Балажанова  марапаттап, қаржылай сыйлықтар табыстады.
Фестиваль қорытындысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Түркістан облысын «Рухани өлке – 2022» деп жариялап, облыстық мәдениет басқармасына арнайы сусенир табыс етті.
Пікір қалдырыңыз