Мал ұрлығының жазасы ауыр


«Малым – жанымның, жаным – арымның садақасы» деп отырған ауылдағы ағайынның берекесін қашырып, жылқысын үйірімен жоқ қылатын осы ұрылар. Әрине, біз айла-тәсілдерін біле бермеспіз. Дегенмен, бұл мақала мал баққан елдің сабырын қайтарып, күмәнін сейілтпесе де, сақтыққа шақырады деген ойдамыз. Төрт түлікке қол сұғу - ауыл адамдарының күнкөріс көзінен айырумен бірдей. Осыған тосқауыл керек. Қазір мал ұрлау - кәсіпке айналған. Оны көбіне топ болып, алдын ала сөз байласып қора-жайға кіріп, бұзып жасайды. Ондай ұрлықтар ұйымдастырушы, қасапшы, тасымал жолдары, жалған құжат жасайтындар базарда алып-сататындар бар.
Қылмыстық кодексте жай құрам бойынша - қомақты айыппұлдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Егер адамдар топ болып, алдын ала сөз байланысу арқылы ірі көлемде қылмыс жасаса - 7 жылға дейін, бірнеше рет немесе мал қораға, қоймаға кіру арқылы жасалса - 10 жыл, аса ірі көлемде және қылмыстық топ болып жасалса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Айжан Орынбасар,
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы.
Пікір қалдырыңыз