С.Олжабай — халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Есімі республикаға танымал қаламгер – өз қабілет-қарымын проза, поэзия, драматургия, сатира жанрларында бірдей дәлелдеген әріптесіміз Сабырбек Олжабай Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының шешімімен «Ақсақ Темірдің алмас қылышы» атты кітабы үшін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды.
Прозалық, поэзиялық бірнеше жинақтың авторы Сабырбек Олжабайдың пьесалары Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау және Жамбыл облыстарында қойылды. Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ драма-сазды театрында «Қара көзілдірікті келіншек» атты дүниесі сәтті сахналанды.
Ойы жүйрік, сезімі сергек қаламгер – Бәйдібек, Созақ және Мақтаарал аудандарының құрметі азаматы, Ғабит Мүсірепов, Садықбек Адамбеков, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтардың иегері. 
Әріптесіміз Сабырбек Олжабайды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, оған зор шығармашылық табыс тілейміз! Жазар көбейсін!

«Оңтүстікқазақстандықтар».
Пікір қалдырыңыз