ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ



    Джиу-джитсу комбаттан ересектер арасында Еуропа чемпионы Досбол Ережеп елге оралды. Испанияның Мальграт-де-Мар қаласында Көк туымызды күллі әлем алдында желбіреткен спортшы Келес ауданының тумасы. Жеке бапкері - Мұхтар Мамбетов.
    Чемпион Олимпиадалық емес жоғары спорт шеберлігі мектебінің сайыпқыраны. Құрметке лайықты жерлесімізді спорт мектебі директорының орынбасары Мұхтар Шахан бастаған ұжым мүшелері Түркістан әуежайынан құрмет-қошеметпен күтіп алды. 
    Жалпы турнир 12-15 мамыр аралығында өтті. Үш күнге созылған тартысты бәсекеде түркістандық спортшы қос медальды қанжығасына байлады. Нақтырақ айтқанда, клос контакт тұжырымдамасы бойынша  чемпион атанса, фулл-контакт бойынша 2-орынды иеленді. 
    Досбол 2021 жылы джиу-джитсу комбаттан Әлем чемпионатында 3-орын иеленген. Биыл ел чемпионы атанған. Қазақстан Республикасының спорт шебері. 

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.
Пікір қалдырыңыз