Халықаралық байқаудың лауреаты атанды


 

Шымкент қалалық физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Билал Алиев В. И. Вернадский атындағы халықаралық ғылыми-зерттеу байқауында аймақтық өлкетану бағыты бойынша жоба қорғап, бірнеше бағытта лауреат атанды.

Билалдың сайысқа ұсынған «Оңтүстік Қазақстандағы дәрмене: тарихи фактілер мен интерпретация» тақырыбы ұйымдастыру комитеті тарапынан «өзекті зерттеу жұмысы» деп танылды. Бұл ғылыми жұмыс «Туған елге тағзым» желілік жобасында да номинацияға ие болған.

Тарих пәнінің мұғалімдері Сергей Ивашев пен Бақыт Амалбекова жетекшілігімен орындалған зерттеуде Оңтүстік Қазақстандағы дәрмене туралы аңыздар мен тарихи фактілер талданған. Тарихи құжаттар мен ақпараттық дереккөздер дәрмененің Шымкент қаласының елтаңбасында үш рет бейнеленгенін, дәрмене тек түстік өңірде ғана өсетінін және Кеңес үкіметі кезеңінде емдік шөптен дәрі дайындалғанын дәлелдейді.

 

Айта кетейік, Сергей Ивашев пен Бақыт Амалбековаға байқау ұйымдастырушылар зерттеу жұмысына жетекшілік еткені үшін Алғыс хат жолдады.

 

– Біріншіден дәрмене Шымкент қаласының символына айналуы керек. Екінші мәселе тек біздің өңірде өсетін, медицинада пайдасы орасан емдік шөп туралы қазақ тілінде ақпарат мүлде жоқ. Менің басты мақсатым ғаламторға дәрмене туралы қазақша ақпарат орналастыру, - дейді Билал.

 

«Оңтүстік» ақпарат.

Пікір қалдырыңыз